0 дауыс
1.2k көрілді
Кариестен қалай арылуға болады?

1 жауап

+2 дауыс
Кариесті құртудың дәлелденген 5 әдісі

 

1.     Тісті тазалау

 Кариестің болуының басты себепкері - Streptococcus mutans бактериясы. Ол ауыз қуысында өмір сүреді. Көмірсулардың қалдығын жеумен, тістегі қалдықтарды да кеміріп, өзі байқамай, эмаль мен  тістің денешігін жеп қояды. Оны болдырмау үшін, таңертең астан кейін, кешке ұйықтар алдында жуып отыру керек.

2.     Тісті тазаламау

 Парадокс, иә. Халықтың үштен бір бөлігі тісін мүлдем жумайды. Бүгінге дейін тіссіз қалуы керек еді. Бірақ, тағы бір парадокс олардың тісі мықты келеді екен. Бұл жерде екі фактор маңызды: тұқым қуалау, яғни көптеген әулеттің тістері мықты әрі сау келеді. Жануарларда кариес болмайды, тіпті Памир тауларындағы жабайы Гунзу тайпаларының тістері де мықты әрі сау болған.

3.     Тәтті жемеу, газды сусын ішпеу

Манағы айтқан бактериям тәттіні өте қатты жақсы көреді. Сондықтан сіз барлық тәттілерден бас тартуыңыз керек.

4.     Хрен (өсімдік) жеңіз

Жапондық хрен – васаби. Суши жейтіндер жақсы біледі. Жоғарыдағы бактериямен күреуші ретінде де белсенді.

5.Арнайы герметикпен тісті жабу.

 Бұл әдіс кеңінен қолданылады.  Тісті арнайы лакпен жабу. Процедураны жылына екі рет жасау керек.
...