0 дауыс
1.4k көрілді
Қауіпті тағамдар тізімі:

Натрий глутаматы. Тағамның дәмін күшейтетін Е-621 қоспасы бар өнімдерді сатып алмауға тырысыңыз.
Қант алмастырғыштар. Тәтті дәмді сезген өңешіміз көмірсулар алатынына сенімді болады. Ал қант алмастырғыштардың құрамында көмірсу жоқ. Мұндай алданудан соң, бір тәулік ішінде ағзамызға түскен көмірсулардың бәрі ашығу сезімін тудырады.
Трансмайлар. 72,5%-дық майды мүлдем жеуге болмайды. Бұл трансмай - сутекпен бұзылған төмен сұрыпты өсімдік майы. 82,5%-дан төмен майдың болуы мүмкін емес.
Пластик қаптамадағы аз тұздалған майшабақ. Аз тұздалған майшабақ тек майда ғана сақаталады. Сіркесуда, шарапта сақтала алмайды. Егер майшабақ майсыз болса, оған уротропин қосылған.  
Аз тұздалған қызыл уылдырық. Қызыл уылдырық та ұзақ сақталмайды. Оны қатқан не қатты тұздалған күйінде ғана сақтауға болады. Егер аз тұздалған қызыл уылдырық сатылса, оған не уротропин, не лимон қышқылы қосылған. Мүмкін басқа да заттар қосылған шығар. Бірақ нәтижесінде бәрі-бір формальдегид пайда болады.
Ген-инженерлік өнімдер: жасыл бұршақ (консервіленген), жүгері (консервіленген), импорттық картоп, шаян таяқшалары, какао.
Жержаңғақ. Шырайгүл тұқымы енгізіледі. Ол - өте қауіпті зат. Жержаңғақты шыбын-шіркей де жемейді.
Қант қосылған жүгері таяқшалары. Егер жүгері таяқшаларын сатып алатын болсаңыз, құрамына қант қосылмағанын алыңыз. Себебі қан өндірісте қолданылмайды. Қант 140 градус температурада жанатындықтан, қант алмастырғыш қолданылады. Бұл жағдайда цикломат қосылады.
Мұзкәмпит, бөріқарақат кәмпиті. Қазіргі уақытта аталған тәттілердің жасалуына өте күшті химиялық эссенция қолданылады. Егер сәл ғана суланған кәмпитті дастархан үстіне қойып қойсаңыз, біраз уақыттан соң дастарханның ойылып қалғанын байқайсыз. Асқазаныңызда не болып жатқанын ойлаңызшы.
Джем. Күшті тотықсыздандырғыштар. Шиені еш уақытта алғашқы қалпындағыдай сақтай алмайсыз.
Фри картобы. Осы уақытта қолданылатын тотықсыздандырғыштардың күштілігі сондай, картоп бір жыл тұрып та қараймайды.
Пісірілген шұжық. Олар гені түрленген соядан жасалады. Сосиска, қысқа шұжық, пісірілген шұжық, паштет және тағы басқа тағамдардың құрамында жасырылған май бар. Доңыз майы, іш май, шошқа терісі шұжық құрамының 40%-ын алып жатыр. Бірақ олар дәмдеуіш қоспалардың көмегімен ет іспетті болып көрінеді.
Шикідей қақталған шұжық. Осы уақыт шұжықты ешкім бұрынғы  тәсілмен қақтамайды. Бүгінгі шұжық өндірісінде қақтау үшін қақтауға арналған сұйықтық қолданылады. Ал олардың құрамында формальдегид бар.

Денсаулыққа адам ағзасына қауіпті тағамдар тізімі керек? Осы тізімге сіз тағы не қоса аласыз?

1 жауап

0 дауыс
Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін институты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттар қосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин бар бұл етте пайдалы заттар да қалмайды.
Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірде әлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрын жылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көп болады.
Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысы бар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқты пайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар" бар.
Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақ жинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтары мен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғары температурада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мың қатерлі ісік ауруының туындауының себебі.
Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0" деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамның дәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа да қоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі, кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.
Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сары майға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестеринді көбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Оны мәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.
Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындарды сүйгіш жандардың болашағы.

Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз
...