+1 дауыс
7.5k көрілді
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді? Неге олай жасаймыз?

   Емтихан кезінде барлық студенттер оқып дайындалады. Арасында бір студент шпор жасап немесе т.б. оңай жолын қарастырса, басқа студенттерге әсерін бермей қоймайды. Олар да оңай жолды іздейді. Ал, енді, неге жалғыз студент бұлай істеді?

   Біз өз пайдамызды ойлап қоғамды өзгертіп жатқанымызды білмейміз. Бір адамның қылмыс жасауы қағамдағы басқа адамды өзіне ертеді. Бір студенттің пара беруі басқа студенттердің пара беруіне мәжбүрлейді.

Біздің арам жолымыз басқалардың да арам жолмен жүруін міндеттейді. Неге біз адал жолмен жүрмейміз?  

( түсіндіре алдым деп ойлаймын)

1 жауап

0 дауыс
Алла адамдар үшін тек Жаннатты дайындап қойған жоқ...Тозақ та текке жаралмады.Ондай пенделер бізге дейін де болды,қазір де бар,бізден кейін де болады....Әр адамзаттың өзінің санасы бар.Барлық адамның керемет нәрселерге,қиындықтарға күші жете бермейді.Алайда адамның бәрі биікті армандайды.Сондықтан өзінің күші жететіндей оңай жолдарды іздеп жүреді.Сондықтан әркім өз санасына қарай әрекет жасағаны дұрыс...Айналасына ере бермей...
...