+1 дауыс
12.1k көрілді

Бірыңғай мектеп формасы – ортақ шешім

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі бұйрықты «дұрыс» деп қабылдаймыз. Көп ұстаздардың ойынша, бірізділікті мектеп формасы болуы талап етілуі тиіс. Өйткені оның да беретін тәрбиелік мәні зор. Балалардың бір-бірімен тең болуына, өзін оқушы сезінуіне, тиянақтылыққа, жауапкершілік қасиеттерге баулиды.

Біздің гимназиямызда бірыңғай форма қыз балалар ақ бантик, ақ кофта, қара юбка, ұл балалар ақ көйлек, қара шалбар киеді.

Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Сабақтан соң да түс мезгілінде осы киімдерімен жүреді. Қай мезгілде қарасаң да әр сынып оқушыларынан жинақылық, тазалықты байқайсың. Ата-аналар оқу жылының басында алып берген киімдерін балалар орнымен осылайша киеді. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.

Форма бұл бір жағынан оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты кезеңі дер едім. Себебі өзіміз мектепте оқығанда бірыңғай мектеп форма, ақ фартук кидік. Сол кездегі форма үйлесім тауып тұратын еді. Ал қазір де бірыңғай мектеп формасын қажет деп есептейміз. ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуға болатындығы көрсетілген. Сондықтан да мектептің барлығында бір үлгідегі мектеп формасы болса деген ұсыныс білдіреміз.

ДТЖО Анаргүл Әділханқызы

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...