Ағылшын тілін білу міндетті емес. Білсеңіз өзіңізге қосымша жеңілдік әкеледі қызметтік өсуде. Кеден ісі мамандығын бітіргендер мына салаларда жұмыс істей алады:
1. кеден, қаржы, салық органдары жүйесінде;
2. сәйкес министрліктер мен ведомостволарда;
3. облыстық және қалалық әкімшіліктерде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын мекемелер мен фирмаларда;
4. брокерлік конторларда.
Кеден ісі мамандығының түлегі бастапқы жоғарғы дайындықтан өту арқылы кеден саласы бойынша, сонымен қатар, экономикалық, басқару-ұйымдастырушылық, құқықтық, эксперттік-аналитикалық, зерттеу, құқық қорғау салаларында жұмыс жасай алады