+1 дауыс
9.4k көрілді
Әлемді өзгертуге бола ма? Ол үшін қоғамда қандай құндылықтар болуы керек? Нақты қандай құндылық біздің бойымыздан  табыла кеткен жағдайда, әлемді өзгерте алар едік?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең бастысы, адамның өзіне-өзі қоюы керек тәртіп. Самодисциплина. Қазіргі кезде болып жатқан проблемалардың барлығы адамдардың тікелей әсерінен туындап отыр. Заң бар деген күннің өзінде, адамдардың өзіне деген тәртібі жоқ. Егер адам өз-өзіне тәртіп қойса, "Өзіме болмаса да, ең болмағанда біреуге зиянымды тигізбейін" деген тәртіп болса, ол қоқысты жерге тастамайды, көлікті ақырындап айдайды, заңмен жүреді, темекі шекпейді, адамдарға жамандық жасамайды, тағы басқа мыңдаған мысалдар келтіруге болады. Сондықтан әлемді өзгерте алатын құндылық- тәртіп деп ойлаймын.

Бұдан бөлек мейірімділікті де айтуға болады.
0 дауыс
Бернард Шоу Аспанға ұшып аспанды үйрендік, Теңіз океандарға түсіп ең терең жерін үйрендік, енді тек ғана жеріңдің үстінде адамдай болып жасауды үйренсек болды дегеніндей жай ғана өзіңді ғылым алып дамытып барсаң əлемде өзгеріп баратқанын сонда ғана сезесің, Əлем өзгермейді адам өзгереді !!!
0 дауыс
Әлемді өзгерту үшін тек бір адамның өзгеруі әсерін бермейді. Мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу арқылы мемлекетті басқарып үлкен көлемде өзгеріс жасауға болады.

әлемді өзгертуге болатын құндылықтар не болуы мүмкін?

махаббат, тәртіп, ақыл, бәсекелес т.б. құндылықтар  көп.

дегенмен, мен ұсына алатын құндылық ақыл.

тәртіп қоғамда бар. мемлекетті басқару саясаты бойынша жүргізілетін тәртіптен ешкім шыға алмайды. шықпаған да. тәртіпсәздәк болмағанда тәртіптің не екенін білмей өтер едік.

егер барлық жақсы қасиеттерді, жүйелерді т.б. көп дүнилереді ақылға салып, реттеп, жүзеге асырсақ әлем өзгерер еді.

 

негізінен, сіз, әлемді қай тарапқа өзгергенін қалайтыныңызды анықтап алуыңыз қажет еді,
...