Қазақ тілі | 14.0k қаралды
Құндылық және ұстаным дегеніміз не?

2 жауап

Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.    Ал ұстаным - адамның езіне, басқа адамдарға және өзін қоршаған әлемде болып жатқандарға қатынасының орныққан жүйесі.
Жақсы Жауап
Маган кұғдылыктар туралы мəлімет керек
122,619 сұрақ
312,115 жауап
153,287 пікір
69,937 қолданушы