+1 дауыс
724 көрілді
Қазіргі кезде айлығы көп, бірақ беделі жоқ мамандықтар бар (сварьщик секілді). Оларды көп түлектер таңдағысы келмейді.  Бірақ мұндай мамандарға қажеттілік бар. Олардың беделін қалай көтеруге болады?
сварщик мамандығының неге беделі жоқ екен, менің ойымша ең беделді мамандықтардың бірі (сендерден естіп таңғалып отырмын беделсіз дегенді)

1 жауап

+1 дауыс

Меніңше дәл осы мамандықтарды романтизациялағанымыз жөн. Себебі, шынымен де беделі аз, бірақ мүғалім мен дәрігерден көбірек табады. Алдымен неге аз беделге ие болып тұрғанын қарастырсақ:

  • ұят. Сварьщик, токарь, электрик сынды мамандықтарды таңдап, маман атанудан барлығы ұялады. өйткені, атауының беделі жоқ. 
  • Ақпараттандыру жеткіліксіз. Себебі, дәл осы мамандықтар туралы халық аз айлық алады деп ойлайды. 

Романтизациялау - құштарландыру, қызығушылығын арттыру, әсерлендіру. яғни осы әрекеттер арқылы мамандықты халыққа сүйкімді ету, беделін көтеру.

қалай романтизациялаймыз?

  • Жарнама
  • Атауын өзгерту (мысалы АҚШ та еден жуушы, көше сыпыртушылардың арнайы атағы бар cleaning lady, cleaning manager т.б. 
  • Осы салалдағы мамандарға келетін сұраныстармен жұмыс жасау. Яғни, жұмыспен қамту орталығы сияқты, беделді жұмыстар қатарына қосу. 

Аз беделді мамандықтарды романтизациялау арқылы

  1. Жұмыссыздықты азайтамыз (ол бізде 5,5 пайыз)
  2. Мамандарға тапшылық пен артық мамандарды ретке келтіреміз
  3. Халықтың көзұарасын дұрыс арнаға бөлеміз, стереотипті жоямыз.
...