0 дауыс
460 көрілді
Не үшін мектеп оқулықтары одноразовый? бір ақ жылға жарамды, программаларын жыл сайын өзгертіп шығарады, жап-жаңа күйінде келесі жылға жарамсыз болып қала береді. Жап-жаңа күйінде тастауға тура келеді, тастауға қимайсың обал сияқты, қағаз босқа ысырап,үлкен шығын болуда.. Бұрын бір оқулық тозып кеткенше 5-6 жылға дейін өзгермей жарай беретін одан кейінгі оқушыларға, және ақша да шығын болмайтын. Жыл сайын балаларға оқулық сатып әперіп ата-аналар қалтасынан қағылуда, бұл кімге тиімді, кім істеп отыр бұны?  Кітаптардың бағасы да өте қымбат қазіргі кезде.

Бұны ойлаған адам бар ма?

1 жауап

0 дауыс
Қазір кітаптарды 4-5 жылда бір жаңартып тұрады, оған себеп айналада қанша жаңалықтар қосылып жатыр, соған балалар ілессін дейтін шығар. Мысалы біз 1990 жылғылар жаңа оқулықтармен оқи бастадық 1997 жылы. Содан бері әр төрт жыл сайын оқулықтардың жаңарып тұратынын байқаймын. Мысалы, қазіргі бастауыш мектеп оқулықтарын қарағанымда, онда ютубтан қазақ хандығына қатысты видеоны тамашалап келіңдер, т.с.с сияқты тапсырмалар қосылған. Сондықтан оны жазғыруға болмас.Одноразовый емес, меніңше.
Үйде 4 бала төменгі сыныпта оқиды. сол төрт балаға жыл сайын жаңа кітаптар сатып әпереміз, олар бір-бірінің кітаптарын оқи алмайды, өзгерістің кесірінен басқа кітап сатып алуға тура келіп тұр. Бізде солай. Ол жап жаңа 30 шақты кітаптарды басқа біреулер сатып алып кеткен еді, қайтадан жарамайды екен деп әкеп тастады, енді оны қайда тастаймыз? Тегін ал десек те ешкім алмайды. Почти жап-жаңа ұсталмаған сияқты тап-таза, 1 ақ жылға жарады олар..
Онда сіздің балаларыңыз әртүрлі баспалармен оқитын болып тұр ғой.  Оған мұғалімдер емес, жоғарыдан мынандай баспамен оқисыңдар дейтін бастықтар кінәлі. Мысалы  біз "Атамұра" баспасының кітаптарын оқығанбыз, ал қазір "Арман-ПВ" деген баспаның кітаптарымен, тағы бір мектептер "Мектеп" баспасынан шыққан кітаптарды оқиды. Сондай.
Біздің мектеп гимназияда бәрі тек "Алматы кітап" баспасынан шыққан кітаптар .Ал басқа мектептер біздің кітаптарды алмайды, өзіміздікі жылда өзгеріп отырады.
...