0 дауыс
Мен 11 сыныпта физика пәнін таңдаймын, қазір ағылшын тілін жақсы меңгерудемін.Негізі география пәнін таңдағым келетін, бірақ барлықтарыңыз білетіндей грант жоқтың қасы, ал маған міндетті түрде грантқа түсу керек болғандықтан физиканы таңдадым.

Сұрақ: ҰБТ да, университеттің өзіне барып ILEST-те тапсыруға бола ма?

Мақсатым: болатын болса ағылшын таңдап, КБТУ-ға түспекшімі, бірақ ҰБТ-ны да тапсырамын.(себебі осы жылдан бастап түгел қатысатын болды ҰБТ-ға)
18.04.2016 638 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
1. География пәнінен грант бар, оны алу үшін алтын белгіні қорғау керек.

2. Физика пәнін таңдайтын болсаңыз, мамандық таңдау барысында болашақта сұраныста болатын, бастысы өзіңізге ұнайтын мамандықты таңдауға кеңес беремін.

3. IELTS тапсырғыңыз келсе, оны қабылдайтын бөлек орталықтары болады, университетте қабылдамайды. Сол жағын ескеріңіз.

4. КБТУ-ға түстіңіз келсе, оның оқу жылы аяқталар алдында оқуға түсу үшін тапсыратын тесттері болады. Керекті ақпарат көздерінен қарастырып анықтап біліп алыңыз. Уақытын жіберіп алмаңыз.
21.04.2016
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы