Көбіне көшеде кетіп бара жатқан қызбен танысқысы келетін жігіттердің талпынысы сәтсіз шығып жатады. Бірақ, себепті түріңізден, сыртқы келбетіңізден көрмеңіз. Басқаша мың сан әдіспен қыздың назарын аудартып, танысып алуға болады.
Қыз баласына көңілін көтеріп, жүзіне күлкі ұялататын жігіттер ұнайды. Бірақ, бұл сайқымазақ болу дегенім емес.
Көшеде танысу үшін сағат сұрап тоқтату өте сәтсіз шығатын әдіс. Олай жасамаңыз.
Қыздың сұлулығына қатысты бірер сенімдірек сөздер айтып, танысқыңыз келетіндігін білдіріңіз. Бірақ, әсірелеп, күлкі шақыратын сөздерден қашыңыз.
Сыртқы келбетіңіз де сенім шақыратындай болсын. Көбіне классикалық үлгі қыздарды тартады. Бірақ, ол да костюм-шалбар киіп жүріңіз деген емес. Тек классикалық үлгіде көз тартарлықтай киініп жүріңіз. Сенім шақыратын келбетіңіз сізге көмекші.
Гүл сыйлаңыз. Себепсіз, біреудің көңіл бөліп гүл сыйлауы ерекше құбылыс әрі есінде мәңгі қаласыз.
Сыпайылық. Сыйпайылық басты қаруыңыз.Жоғарыдағы дүниелерді реттеп бір қалыпқа келтіріңіз де іске кірісіп көріңіз. Көмектеседі.