0 дауыс
2.3k көрілді
Мәселен, ұлт, тіл туралы "шырқырап" жазған патриот па, әлде үндемей ғана ұлт емес, мемлекеттің дамуына еңбегімен үлес қосып жүрген адам патриот па? Тіл туралы "казакша ариптермен колдей пост жазатындар", атойлап ұлт жауларының тізімін жасайтындар тіл жанашыры ма әлде қазнетті сапалы контентпен толықтырып, желіде "қыртып" отыратындар ма?

3 жауап

0 дауыс
Ғаламторда барлық адам патриот. Бірақ, шын өмірде патриот болуға ұяла ма, әлде қорқа ма сондай бірдеңе.. Өзім шын өмірде патриотпын, дәлел керек болса, мені жақынырақ танып, өмірде де араласуға тырысыңдар))
0 дауыс
Өз Отаны үшін бәріне дайын адамды "Патриот" деп сеніммен айта аламын.Тіпті желіде болсын қазақша әріптермен жазып өз Отанына үлес қосқан адамды да осы атауға лайық деп атар едім. P.S: жеке пікірім
0 дауыс
қыртып отыратын деген сөз артық, жаман сөз қолданбай сұрақ қою қиын ба?
...