0 дауыс
784 көрілді
Радиотехника саласында генератор деген не? Автогенератор деген ше?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Автогенератор - тұрақты ток көзінің қуатын пайдаланып, өздігінен қозатын, белгілі жиіліктегі және амплитудадағы гармоникалық тербелістерді немесе белгілі бір ұзақтығы мен амплитудасы бар импульстік сигналдарды тудыратын электрондық схема.
+1 дауыс
Генератор деген не? Генератор ол электор энергиясын бөліп шығаратын құрылғы.
радиотехника саласында деп отырмын.
+2 дауыс
Генератор(Generator) — 1) кіріс тілі проблемалы-бағытталған тіл болып табылатын аударғыштың бір түрі; 2) машиналық командаларды генерациялауды орындайтын аударғыштың құрамдас бөлігі. Жазбалар генераторы (Генератор записей; rekord generator) — тестілеуге қажетті жазбаларды құрастыруға арналған машиналык программа.

Кездейсоқ сандар генераторы (Генератор случайных чисел; generator random numbers) — кездейсоқ сандар беретін қүрылым немесе программа. Әдетте, Кездейсоқ сандар генераторы - программалау тілдерінде стандартты функциялар мен процедуралар қүрамына кіретін программа. Мысалы, Паскаль тілінде RANDOM(N) функциясы 0 ден N-1 аралыгындағы бүтін сан қайтарады. Егер программа қайта орындалса, функция сол санды қайталайды. Кездейсоктық дәрежесін арттыру үшін тілде генерация базасын өзгертетін RANDOMIZE процедурасы бар, бұл процедура RANDOM функциясының алдында орындалуы қажет. Код генераторы (Генератор кода; code generator) — талдау және оңтайландыру нәтижелері бойынша машиналық программаны (объектілік модульді) құрастыратын аударғыштың машинаға тәуелді бөлігі.

Командалар генераторы (Генератор команд; code generator) — аударылатын программа операторларына сәйкес машиналық командалар тізбегін щығаратын аударгыш бөлігі. Қолданбалы программалар дестесі генераторы . (Генератор пакетов прикладных программ; package generator) Қолданбалы программалар дестесін нақтылы мәселелер классына бағыттау программасы. Қүжат дайындау генераторы (Генератор отчетов; report generator) — 1) берілген пішін бойынша мөліметтерді қалыптастыру жөңе шығаруға арналған объектілік программаларды генерациялауға колданылатын өндеу программасы; 2) берілген пішін бойынша мөліметтерді калыптастыру мен шығаруды орындайтын кейбір программалау тілдерінін (мыс., Кобол, Access, FoxPro, Delphi, жөне т.б.) қүралы. Мәліметтер генераторы (Генератор данных; data generator) — тізбекті қатынас құру әдісі негізінде бір тапсырма көлемінде мәліметтер жиынын кұруға арналған сервистік программа. Программалар генераторы (Генератор программ; program generator) кейбір операцияларды сипаттау негізінде осы операцияларды жүзеге асыратын программаны автоматты түрде жасайтын программа. Сүрыптау программаның осы программалардың алғашқы мысалы болып табылады. Ол файл пішімін және талап етілген сүрыптау түрін сипаттау негізінде сәйкес сүрыптау программасын құрады. Кейінгі уақытта қолданбалы программаларды шаблон, мәліметтер базасы сипаттамасының таблицасы, экрандық форма, меню сипаттамасы және т.б.. Объектілер негіздерінде құратын программалар кеңінен таралуда. Тактілік жиілік генераторы (Генератор тактовой частоты; generator clock speed) — белгілі бір уақыт аралықтары сайын импульстер тізбегін шығаратын құрылғы. Қатар екі импульстың арасындағы уақыт Ырғақ деп аталады. Кейбір процессор командалары бірнеше ырғақта орындалады. Импульстар барлық компьютер элементтері арқылы өтіп, оларды бір ырғақта (синхронды) жұмыс жасатады. Ырғақ импульстарының жиіліғі компьютердің жьлдамдығын анықтайды.

Автогенератор - тұрақты ток көзінің қуатын пайдаланып, өздігінен қозатын, белгілі жиіліктегі және амплитудадағы гармоникалық тербелістерді немесе белгілі бір ұзақтығы мен амплитудасы бар импульстік сигналдарды тудыратын электрондық схема.
...