0 дауыс
3.5k көрілді
Халықаралық қатынастар факультеті бар ЖОО-ның тізімі мен жылдық төлем бағасы керек еді

3 жауап

0 дауыс
«Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ» дегендей, елші болуды армандамайтын дипломат жоқ !

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша - әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіретін және жаһандану процесінің дамуын реттеп отыратын болашақ дипломаттар тәлім алады. ЖОО-да халықаралық қатынастар факультеті өте беделді болғандықтан , жылда төлем бағасы өзгереді . Халықаралық қатынастар мамандығының мемлекеттік грант иегері атанамын деушілер кемінде "Алтын белгі" бола отырып, ҰБТ-дан ең аз 90 балл жинауы тиіс.

Халықаралық қатынастар факультеті төмендегі ЖОО-да бар :

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде: Халықаралық қатынастар факультеті

2) М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде: Заңтану және халықаралық қатынастар факультеті

3) Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықараралық қатынастар және әлем тілдері университетінде : Халықаралық қатынастар факультеті

4) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде : Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті

5) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде : Халықаралық қатынастар факультеті

6) Орталық Азия университетінде : Халықаралық қатынастар және гуманитарлық ғылымдар факультеті

7)Қазақ гуманитарлық-заң Университетінде: Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар факультеті
0 дауыс

Халықаралық қатынас н/се Туризмға бару үшін алтын белгі иегері болу міндетті ма? 

Кандай Универлар бар грантпен ?

Осы жылғы проходной балл Канша?

0 дауыс
Стюардесса мамандығы жекелей оқытылама немесе туризмге кірема? Алматыда қай оқу орындарында оқытылады? жəне қанша жыл?
...