0 дауыс
6.8k көрілді
Түркі бабалардан еншілеп қалған дүниелер жылқы, көшпенділік, садақ, қылыш, киіз үй, қымыз, сондай-ақ, Қыпшақтан қалған қыпшақ тілі (қазіргі қазақ тілі атанып жүрген түркі тілі) есептелмейд, арабтар, парсылар үйретіп кеткен немесе орыстар ендіріп кеткен жаңалықтар да.

Тек ғана қазақ қазақ елі болғалы бергі жасаған қандай жаңалықтарын білеміз?

Басқа бір ұлт келіп енгізіп бермейінше, жеке өзіміз шешім қабылдап, өзіндік эксперимент жасап, нәтижесіне ешкімді кінәламай, қара басына жауапкершілік алып, оң болса қуанып, теріс болса сабақ алып көрген халықпыз ба өзі?

10 жауап

0 дауыс
Қазақстандық өнертабыстар

◊ Әлменовтың гидравликалық қондырғысы Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты. Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп, патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны жинақтайтын және сол ауаны ретімен беріп отыратын механизм. Сол жерден клапан ашылып, капшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Бүгінде 1 килловтт электроэнергия 15 теңге тұрады. Бақытжан Әлментаевтің қондырғысын іске қосса, бұл баға 2-3 теңгеден аспайды. Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет көрсету түрлері, коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60 теңге емес, 15-20 теңгеге дейін төмендейді. Бақытжан Әлменов өзінің өнертабысын 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-ға қоюға лайық деп отыр. Өйткені EXPO-ның тақырыбы – «Болашақ энергиясы».

◊ Көлікке арналған жапсырма Дамир Аралов көліктердегі жапсырманың үстіне жабыстырылатын нөмір белгісінің класын, техникалық байқаудан өткендігін, штрафтың бар-жоғын айқындап тұратын жапсырма ойлап тапты. 70×35 мм болатын жапсырма көліктің артқы не алдындағы нөмірінің оң жақ бөлігіне орналасатын болады. МАИ қызметкерлері осылайша көлік туралы бар мәліметті көзбен-ақ көріп біле алмақ.

◊ Қазақтың мәңгілік күнтізбесі Өнертапқыш Сайдыбай Бекболатов "Қазақтың мәңгілік күнтізбесін" ойлап тапты. Өнертапқыш Григориан күнтізбесін қате деп есептейді. Оның айтуынша, 12 емес, 13 ай бар, ал әр айда 28 күн бар. Жыл наурыз айынан басталады, ал наурыз айының өзі 1-інен емес, 0-ден басталады. Ал қосымша айды өнертапқыш шаян мен мергеннің ортасына қойған.

◊ Емдік қасиеті бар зефир М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологтары Малика Әлімова мен Нина Алексеева кәдімгі зефирдің құрамына сүт іріткісі мен мейіз қосса, зефирдің емдік қасиеті артатынын айтқан.

◊ Сәкен Исаевтің іштен жану қозғалтқышы Сәкен Исаев әдеттегі іштен жану қозғалтқышынан 2 есе мықты, 2 есе жылдам, 10 есе үнемді іштен жану қозғалтқышын ойлап тапты. Ол өз өнертабысын Ішкі Істер Министрлігі қолданғанын қалайды.

◊ Нұротанк Қарағандылық өнертапқыш Сәнтай Жетесов танкіні қайта жасап шықты. Танк орыстардың Т-90 және Т-72 танкілерінің жаңартылған нұсқасы. «Нұротанк» деген атау алған өнертабыстың Т-90-нан негізгі айырмашылығы – оғында. Жаңартылған нұсқа диск тәріздес оқтармен атады. Оқ зақымдауы жағынан мықты, себебі оқ қабырғаны ғана емес, танктерді де тесіп өтеді.

◊ SmartBesik Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға болады.
0 дауыс
Дұрыс сізге, қазақстандық өнертапқыштардың жаңалықтарын оқу керек. Қыпшақ тілі дейсіз қыпшақтар қазақ құрамындағы тайпа ғой, біз қазақ болғанымызбен, түркілік халықпыз, дұрыс атайтын болсақ, түркілік қазақтармыз. Кезінде Түрік қағанаты екіге бөлінгенде, біздің халық құрамындағы рулар бар сияқты, қағанатта да туыстас  әзірбайжан, якут, қазақтар, чуваш және т.б халықтар болған, сол кезде қағанат сыртқы әсерге шыдап, мемлекет болып қалғанда қазіргі уақытта 500 млн халқы бар ірі мемлекет болатын еді.
+1 дауыс
Пультті кім ойлап тапқан?

Пультті қазақ ойлап тапқан
Демалыс сәтінде рахаттанып жатып, көгілдір экраннан жақсы бір хабар, кино, концерт көргіңіз келетіні ақиқат.
Кәдімгі теледидардың пультін қолға ұстап жатып, бұл затты алғаш кім ойлап тапты екен деп ойлана қоймайсыз.

Ал енді сол пультті алғаш қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков ойлап тапты дегенге сенесіз бе? Кәдімгі Қазақстан Туының авторы – Шәкен Ниязбеков! Ол өткен ғасырдың 60- жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысымен жұртты таң қалдырған екен.
1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында ленинградтық студент Ш.Ниязбеков бас жүлдеге ие болады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылады. Бірақ осы дүниесі қолды болып, суық қолды ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылады. Жапонияның жансызы әшкере болады.
Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлейді. Ендеше, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтуға болады.
+1 дауыс
Менікі аңыз болса да жазайын, қазақтардың арғы тегі (қаңлылар) дөңгелекті алғаш ойлап деген аңыз бар (өзіңіз ойлап қараңыз қазір дөңглек болмаса не бола еді, автомобиль поездь самолет....  бәрі дөгелекке байлагнысты емес пе),
Не жазып кеттің?
0 дауыс
Қазақстан өнертапқыштары баланың қауіпсіздігіне арналған ерекше құрылғыны жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өнертапқыштары ата-аналар үшін ерекше көмекшіні ойлап тапты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында «Mongoose» компаниясының менеджері Ирина Иманасова мәлім етті.

«Бұл құрылғы шағын ғана және салмағы да жеңіл. Оны баланың киіміне еш қиындықсыз бекітуге болады. Құрылғы телефонға мобильдік қосымша арқылы қосылып, кейіннен баланың жүрген жері телефонда көрініп тұрады. Нарықтағы «gps трекерлерден» айырмашылығына тоқталатын болсақ, біздің құрылғы баланың жүрген жерін далада ғана емес, сонымен қатар жертөледе, сауда орталықтарында, жалпы барша әлемде еш кедергісіз анықтай алады. Осы құрылғыға алдын ала төленген роуминг енгізілген, сондықтан әлемнің кез келген нүктесінен баланың тұрған жерін көре аласыздар»,-деді И. Иманасова.

Оның сөзіне қарағанда, «Мангуст» құрылғысы аккумуляторының қуаты 20 күнге дейін жетеді.

«Оның тағы бір ерекшелігі - құрылғы су өткізбейді және оңайлықпен сына қоймайды. «Мангуст» баланың тұрған жерін анықтаудан бөлек, оның күнделікті жүріс-тұрысын, әдетін есте сақтайды, бала қай жерде қашан болатынын жүйеге енгізеді. Егер де дағдылы күнтәртіптен ауытқулар болса, яғни мектептен шығатын уақыттан ертерек мерзімде баланы біреу көлікпен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен алып кетсе, онда ата-анасының мобильдік қосымшасына арнайы ескерту келеді»,-деді компания менеджері.

Белгілі болғандай, Қазақстанда шығарылатын бұл құрылғылар жаппай сатылымға алдағы жылдың басында шығарылады деп күтілуде.
0 дауыс
АҚТӨБЕЛІК ӨНЕРТАПҚЫШТАР ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН ҚАЛАМ ОЙЛАП ТАПТЫ

https://kaztube.kz/video/50223
0 дауыс
ҚАЗАҚСТАН ГЕНИЙЛЕР ЕЛІ ЕКЕНІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ЕКЕНІ АҚИҚАТ, БҰЛ ШЫНДЫҚ БІЗ ЕЛІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!!!!!

Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш ел атанды

АСТАНА. 22 ақпан. Baq.kz - Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш елдердің бірі. Дәлел ретінде елімізде соңғы 20 жыл ішінде 30 мыңға жуық ғылыми жетістіктің патенттелгенін айтуға болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалды меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасы Абзал Естаев мәлімдеді.  

 «Соңғы 20 жыл ішінде еліміздегі ғылыми жетістіктерге 30 мың патент берілді. Алайда, инновациялық патент үш жылдан соң күшін жоғалтатындықтан, бүгінде көбінің мерзімі өтіп кеткен. Халқымыздың санын ескеретін болсақ, біздің ғылыми потенциалымыз Жапония мен Ресейден кем түспейді. Бүгінде Қазақстан өнертапқыштығы жөнінен алдыңғы қатарлы орындарды иеленіп отыр» деді Естаев интеллектуалды меншікке қатысты заңнамалардың кейбір тұстарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында.
Елімізде жасалған отандық ғылыми жетістіктеріміздің көбі химия, ауыл шаруашылығы, металлургия сияқты жетекші салаларды қамтиды. Негізінен ғалымдар өзінің зерттеу жұмыстарын бюджет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу институты базасында жүргізеді. Себебі өнертапқыштардың жұмысына жекеленген инвесторлар қызыға қоймайтыны бар.
Естаевтың айтуы бойынша, өнертапқыш бір емес, саныз мәрте жетістігін патенттей алады екен.
«Алдыңғы жылы жүзге жуық өнертабысы мен ғылыми зерттеулері, авторлық құжаттары бар 80-дегі өнертапқыш Блиновқа медаль табыстаған едік. Бізде өнертапқыштар көп және жыл санап олардың қатары көбейе береді деп ойлаймын» деп үмітін білдірді комитет төрағасы.

Кілт сөздер: Ғылым Қазақстан қоғам
0 дауыс
Биздин казак казак болгалы!!! еш тене тапканы жок тапты деп айтугада болмайды!!! казак казак болгалы  казактардын жогалтканы коп!!! калганын оздериниз тусинип кориниздер!!!
0 дауыс
Қазақстандық жас өнертапқыштар жаңа қондырғы ойлап тапты https://kaztube.kz/video/141563 Жел генераторын ойлап тапқан қыз         https://kaztube.kz/video/129523  электр қуатын өндіретін қондырғыны зейнеткер ойлап тапты https://kaztube.kz/video/148071 .
0 дауыс
Жас өнертапқыштар жаңа қондырғы ойлап тапты https://kaztube.kz/video/141563 Жел генераторын ойлап тапқан қыз         https://kaztube.kz/video/129523  электр қуатын өндіретін қондырғы зейнеткер ойлап тапты https://kaztube.kz/video/148071
...