Адам суицидке қандай да бір "сүйеніші" болмағандықтан баратын сияқты.
1. Рухани сүйеніш. Діннің көлеңкелі тұстары көп болмағанымен, халқының 90 пайыздан астамы белгілі бір діннің өкілдері болып табылатын елдер, мысалы, араб елдері, Үнді-Қытай түбегіндегі елдерінде статистика бойынша суицид көрсеткіші аса төмен. Бұл елдерде дін еркіндігі болмағанымен, адамдар дін арқылы қиындықтардан шығатын жол табады немесе тағдырына бойұсынады.
2. Психикалық сүйеніш. Меніңше, бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қоғамның экономикалық дамуы аса маңызды рөл атқарады. Көбінесе дамыған елдерде жеке адамның бостандығын, таңдауын жоғары қояды. Бұл әрине жақсы нәрсе. Алайда бұл жеке тұлғаның қоғамнан сырттап қалуына әкелуі де әбден мүмкін. Жалпақ тілмен айтатын болсақ, біреудің ісіне біреу араласпайды. Урбанизация адамдардың жалғызсырауына себепші болады. Мұндай қоғамдық қарапайым отбасылық қатынастар да ойдағыдай қалыптаспайды. Адамдар өз жақындарынан сүйеніш, жұбаныш таба алмайды.
3. Саяси сүйеніш. Мұндағы маңызды нәрсе - идеология. Адамның санасына қандай да бір идеологияны (мейлі жақсы болсын, жаман болсын ) сіңіріп таста, ол ештеңеден үрейленбейді, ештеңе алаңдамайды. Өмір бойы сол иделогияны ақиқат деп сеніп өтетін болады. Бұл адамның адам ретінде дамуына, қоғамға аса зиянды құбылыс болғанымен, аса берік сүйеніш бола алады. Мысалы, фашистік Германия, бұрынғы КСРО, Қытай, Солтүстік Корея сияқты елдерді жатқызуға болады. Аталған елдердің де суицид деңгейі төмен дәрежеде. (Бірақ адамдар сол идеологияның құрбаны болып өліп жатады)