0 дауыс
3.5k көрілді

Толстой тек өмірінің соңында ғана емес, одан ертеректе де ислам дінін айрықша құрметтеп, оған қызығушылықпен қарады. Мысалы 1894 жылы жазған, азапты ізденістерден туындаған бір хатында ұлы жазушы былайша тебіренеді: 

«Егер сіз менімен бірге бір дінде болсаңыз, мен аса қуанышта болар едім. Сонда сіз менің өмірімді аздап ұғынар едіңіз. Байлық, даңқ, құрмет секілді жетістіктер қазір менде жоқ. Достарым, тіпті туыстарым да менен теріс айналды. 

Либералдар мен эстеттер мені есуас санайды немесе Гоголь тәрізді ақылы тайыз деп біледі, революционерлер мен радикалдар қиялшыл мылжың көреді, үкімет адамдары зиянкес революционер деп ұғады, ал православиеліктер тажал санайды. Мұның бәрінің мен үшін аса ауыр екенін мойындаймын. Сондықтан мені мейірімді мұсылман деп қана санауыңызды өтінемін».

Лев Толстой Ислам діні

Лев Толстой Ислам дінін қабылдағаны рас па?

2 жауап

0 дауыс
1910  жылы жасы 82-ге келген орыстың атақты жазушысы, ұлы ойшыл Лев Толстой үйінен, өзінің отбасынан, туған-туысынан біржолата безді. Зерттеушілер Толстойдың Ясная Полянаны тастап кеткен уақыттың күнін ғана емес, сағатына дейін дәл біледі. Ұлы кемеңгер 10 қарашада таңғы сағат бесте әйелі Софья Андрееваға хат қалдырып, өзінің ақтық сапарына аттанып кете барады. Хатта ол жұбайына:

—...Саған ауыр тиетінін жақсы білемін. Өзім де өкінемін, бірақ, басқа амалым қалмады...өмірімнің соңғы сәттерін тыныштықта өткізгім келеді,— дейді.

Лев Толстой Козлов станциясына қарай бет алады. Бірақ, жолда оның өкпесі қабынып, Астапов деп аталатын кішкене станцияда бөгелуіне тура келген. Ол осында 10 күн ауырып жатып, 20 қарашада қайтыс болды.

«Лев Толстой өмірінің ақырғы жылдарында ислам дінін қабылдаған». Бүгінде зерттеушілер арасында осы тақырып төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр. Мұны жақтаушылар жазушының өмірінің соңғы жылдарында жазған «Мені Мұхаммедтің жолын ұстанушы деп санауларыңызды өтінемін» («прошу считать меня магометанином») деген сөзін алға тартады. Толстой қартайған шағында өз дінінен безінді дегенге оның отандастары сенгісі келмейді. Ал, шындығында қалай?

Жұртшылыққа мәлім, Лев Толстой 1901 жылы православиялық шіркеуден аластатылды. Осы жөніндегі орыс православиялық шіркеуі сотының қаулысында «Ол өзінің шығармаларында құтқарушы, адамзат үшін, біз үшін азап шеккен Иисус Христосты жоққа шығарды. Православ халқының қасиетті сеніміне қарсы ауыр сөздер айтты» деп жазылған. Мұндай әрекетке баратындай жасы сексеннен асқан Толстойды не түлен түртті? Алдымен өміріне, сана-сезіміне исламның қаншалықты әсер еткеніне тоқталайық.

Ислам Толстой үшін жұмбақ әлем емес. Оның мұсылман ілімімен таныс-біліс болуы бала кезінен басталған. 13 жасында оның отбасы Қазан қаласына қоныс аударады (осы жерде оның атасы 1815-1820 жылдар аралығында губернатор болған, моласы да осында). 1844 жылы Толстой Қазан университетінің шығыс тілдері бөліміне оқуға түседі. Осында екі жыл оқыған ол орыс шығыстану ғылымының негізін салушы Мырза Қазымбектің жетекшілігімен араб және түркі тілдерін меңгереді. 1851 жылы Толстойды ағасы Николай өзімен бірге Кавказға ала кетеді. Терек өзенінің жағасындағы казак станицасында тұрған Толстой әскери қимылдарға қатыса жүріп, жергілікті мұсылман халқының әдет-ғұрпымен, наным-сенімімен танысады. Мұсылман халқының өмірі, таным-түсінігі оның осы кезде қаламынан туған көптеген шығармаларына арқау болған.

Қырым соғысы кезінде Толстой артиллериялық батареяға жетекшілік жасады. Осындағы қырым татарлары арқылы ол ислам туралы түсінігін кеңейте түскен. Тіпті, соғыстан кейін де Толстойдың көптеген мұсылман татарларымен, тіпті, Мысырдағы ислам реформаторы Мұхаммед Абдомен хат жазысқаны туралы деректер бар. Мұның бәрі де Толстойдың өмірінде исламның ерекше орын алғанын байқатады.

«Егер сіз менімен бірге бір дінде болсаңыз, мен аса қуанышта болар едім. Сонда сіз менің өмірімді аздап ұғынар едіңіз. Байлық, даңқ, құрмет секілді жетістіктер қазір менде жоқ. Достарым, тіпті, туыстарым да менен теріс айналды. Либералдар мен эстеттер мені есуас санайды немесе Гоголь тәрізді ақылы таяз деп біледі, революционерлер мен радикалдар қиялшыл, мылжың көреді, үкімет адамдары зиянкес төңкерісшіл деп ұғады, ал православтар тажал санайды. Мұның бәрінің мен үшін аса ауыр екенін мойындаймын. Сондықтан мені мейірімді мұхамедші деп қана санауыңызды өтінемін». 1894 жылы ол өзінің атышулы хатында осылай деп жазды.

1909 жылы Толстой орыс православиялық шіркеуі туралы пікірін былайша білдірді: «Өмірдің мәнін өзінше түсіндіруде шіркеу ойына келгенін істеп бақты. Өмір заңы Иисус қағидаларына қайшы келді, ал шіркеу жалған түсініктер ойлап шығарды, яғни халық Иисус қағидаларына қайшы емес, керісінше үйлесімді өмір сүріп келеді-мыс. Бұл ақырында халықтың пұтқа табынушылардан бетер күн кешуімен аяқталды, ал шіркеу мұндай өмірді ақтағаны былай тұрсын, Иисус ілімінің мәні осында деп тұжырымдады».

Христиан дінінің қағидаларына мойынсұнғысы келмеген Толстой исламды одан әлдеқайда әділетті әрі ақиқат деп таныды. Бір күні мұсылман азаматына күйеуге шыққан орыс әйелі Е. Векликова ұлы жазушыға хат жазып, балаларының ислам дінін қабылдағысы келетінін айтып, ақыл-кеңес сұрайды. Сонда ұлы жазушы оған былай деп жауап қайтарады:

«Православиеге қарағанда мұсылмандықты жоғары қоюға келетін болсақ, мен мұндай таңдауды жан-тәніммен қолдаймын. Шын мәніндегі христиандық мұраттар мен христиандық ілімді жоғары қоятын мен үшін бұлай айту – таңқаларлық нәрсе, дегенмен, мен үшін Ислам өзінің мән-мазмұнымен шіркеулік православиеден айрықша биік тұрғанында ешқандай күмән жоқ. Сондықтан егер адамға шіркеулік православтық не Ислам дінін таңдау еркі қойылса, онда кез-келген саналы адамның күрделі де түсініксіз үштік, күнәні жуу, құпия суреттері бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың күрделі түрінің орнына кімде-кімнің Алланың жалғыздығы мен Елшісін мойындау қағидасын ұстанатын Исламды таңдайтынында еш күдік жоқ...».

Кейбір пікірлерге қарағанда, Толстойға Нобель сыйлығының берілмей қалуы да оның ислам дініне деген алабөтен қызығушылығы мен христиан діні туралы ащы сөздерімен байланысты болған көрінеді. Толстойдың шіркеуге қарсы айтқан пікірлерінен Ресей әлі де қауіптенеді екен. Осыдан бірнеше жыл бұрын Толстойдың шығармаларын Ресей соты қауіпті деп танығанын шетелдік газеттер жарыса жазды. 2009 жылдың 11 қыркүйегінде Ростов облыстық соты ұлы жазушының «мен орыс православ шіркеуінің теориялық жағынан алғанда жалған ілім таратқанына және бойына өте дөрекі ырымдар мен сиқырларды жинақтап, мұнысын христиандық іліммен бүркемелеп отырғанына көзім жетті» деген сөзін христиан шіркеуіне қарсы жағымсыз пікір қалыптастырады деп тапты.

2010 жылдың 18 наурызында Екатеринбургтің Киров аудандық соты Толстойдың біраз шығармаларын діни араздықты қоздырушы деп таныды. Сот шешімі бойынша «Предисловие к «Солдатской памятке» және «Офицерская памятка» атты шығармалары арқылы ұлы жазушы солдаттар мен офицерлік құрамды орыс православиялық шіркеуіне қарсы шығуға және діни араздықты қоздыруға үгіттепті.

Толстой шын мәнінде ислам дінін қабылдады ма? Кейбір сарапшылар бұл жай ғана қызығушылық дейді. Толстой өз заманында исламға ғана емес буддизмге, Конфуций іліміне де тәнті болған көрінеді. Ұлы жазушының шөбересі, қазіргі уақытта Ясная Полянадағы Толстойдың мұражайын басқаратын Владимир Толстой жуырда баспасөзге берген сұхбатында:

- Мен Толстойдың ислам дінін қабылдамақ болғанына күмәнім бар. Ол әлемдік діндердің барлығымен де танысып көрді. Ислам Толстойды әрі жас, әрі өте мықты дін ретінде қызықтырған болуы керек, — дейді. Яғни, оның ойынша, Толстойдың мұсылман дініне деген көзқарасы қызығушылықтан ары аса қоймаған тәрізді. Ал, мұнымен көп зерттеушілер келіспейді. Бұл ұлы жазушының өмірін зерттеушілер үшін мәңгілік бас қатырар жұмбақ болып қалуы да әбден мүмкін.
+1 дауыс
Толстой ешқандай да дін қабылдаған емес, атеист болды, атеист болып өмірден өтті. Ислам дінін қабылдағаны туралы ешқандай дерек жоқ. Себебі өзінің сенімі, жеке дара діні болды. Оның атеист екенін "ЦАРСТВО БОЖИЕ ВНУТРИ ВАС" шығармасын оқығанда нақты көз жеткізесіз
...