0 дауыс
402 көрілді
Не үшін Шенеттің бөтелкесі қыйсық ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап


«J.P. Chenet» шарабы - француздық талғампаздық пен кербездіктің символы. Бұл бренд бүкіл әлемге қайталанбас дәмі және ерекше формасы- бөтелкенің иілген мойыны арқылы танымалы болған.

Француз королі Людовик ХIV біреу «J.P.Chenet» шарабын сыйлыққа берген болатын .Шараптың тамаша дәмі мен сапасына қарамастан,король бөтелкенің ​​майысқан мойынына және қисық пішініне қатты ашуланып, шарап жасаушыны сарайына алып келуді бұйырады. Шараптың иесі Жан Поль Шене корольдің"Бөтелкенің мойыны неге майысқан?Пішіні неге қисық?"деген сұрағына -" О аса мәртебелі королім, бөтелке сіздің алдыңызда иіліп, ұлылығыңыздан майысып қалды " -деп жауап берді. Сонда патша күліп дарынды және тапқыр шарап жасаушыны марапаттауды бұйырады !


Бұл тек әдемі аңыз ғана емес-маркетингтік көріністердің бірі. Шынында шарапты корольге алып келер алдында,ұста бөтелкелерді қатты асығып жасайды.Бөтелкелердің шыннысы қатпай турып ішіне шарап құйғандықтан , олар майысып қалады.
 

 

 

...