Ұят болса да қояйын. Сіз қазақ тілін қанша пайыз білесіз? [жабық]

+42 дауыс
15.0k қаралым
Осы сайттың өзінде қазақ тілінде өз ойын дұрыс жеткізе алмай, дұрыс жаза алмай жататындарды көріп, қайта-қайта оқып, шаққа түсініп жатамыз, сондықтан өзіңізді қазақ тілін қанша пайыз білемін, ойымды әдеби көркемдеп жеткізе аламын деп ойлайсыз және достарыңыздың арасында тілді шұбарлайсыз ба. Осыларды қашан түземек ойыңыз бар?...
Сұрақтың жабылу себебі: Сұрақты әрі қарай созудың пайдасы жоқ. Әр адамның пікірін санап ойын білу мүмкін емес.
• Санаты: Қазақ тілі
Жоқ, бұл әлі заңды күшіне ене қоймады. Қазір барлық іс-құжаттар латын әріптерімен жазылмайды.

156 жауап

+24 дауыс
Қазақ тілін сауатты жазу үшін бұларға алдымен кириллца жазып үйрету керек сияқты. Себебі, көбі ағылшын әріптерімен жазады, тіпті бір агентте отырғандай. Өз басым ағылшын әріптерәмен жазылған жауаптарды мүлдем оқымаймын. Қиынсынамын.
Ал, ұялы телефон деген сылтау - мектептегі "Ұйықтап қалыппын" деген сылтау секілді. Жаттанды әрі адамның жүйкесіне тиетін. ұялы телефонмен кіреді де, қате-қате, тіпті ең болмағанда пунктуациядан қате жібермеуге болады ғой. лязка секілді қолданушылар сайтқа кірмей кетеді де, бір рет кіріп быт-шытын шығарып, әйтеуір біреумен ұрысып, банға кетеді. Осының барлығы өзінің кінәсінен болатынын ескермейтінін қайтесің?!
Ия, мен де мектеп оқушысымын, бірақ қазақ тілі мен әдебиетін жақсы білемін деп айта аламын.
https://surak.baribar.kz/46582/
+25 дауыс
Мен достарыммен әдеби сөйлеуге тырыспаймын тек мақала жазғанда ғана.ал қарапайым адамдармен жалпақ тілмен сөйлеймін ішінде орысшасы да бар қосам деп қоспаймын әдет болып кеткен сондықтан да 90% білемін деп ойлаймын.
+24 дауыс
Қазақша біршама жақсы білемін деп ойлаймын,бірақ араластырып жіберетін кездерім болып қалады.
+24 дауыс
Мен қазақшаны жақсы білемін деп айта аламын 99%, ара-арасында ғана орысша араластырып сөйлеп қоятыным бар...
Осы сөйлеміңізді дұрыстап, тыныс белгілерін қойып, жазып беріңізші?
Мен - қазақшаны жақсы білемін,-деп айта аламын 99%. Ара-арасында ғана орысша араластырып сөйлеп, қойатыным бар.
- Мен, қазақшаны 99% жақсы білемін, - деп айта аламын. Ара-арасында ғана орысша араластырып, сөйлеп қо«я»тыным бар.
Көш жүре келе түзеледі.
Ондай,ондай бәрінде болады,мінсіз жазу үшін біраз уақыт керек.
99% білемін деп айту қиындау,өйткені қаншама сөздерді аудармай сол күйінше айтып жүрік
айтып жүрік деп бәрін айтпаңыз СІЗ өзіңізге ғана жауап беріңіз?! Мен өз басым қаншама сөздерді аудармай сол күйінше айтып жүрген жоқпын ...
Бұл жерде сіз қатты қателесіп тұрсыз! Қазақ тілінде баламасын таба алмай,қаншама филолог ғалымдар қиналып жүр,сондықтан менменшілікті қою керек секілді!
Ал жақсы мен қателесіп тұр екен  ...
Сіз мысалы, Қазақ тілінде баламасын таба алмай н/е табылмаған сөздерді айтыңызшы? филолог ғалымдар қиналып жүр Қазақ тілінде баламасы табылмаған ... ол қандай сөздер мысалы? ТОлықтай айтып өтсеңіз???
Айдана сіз  қазақшаны жазуда мән беріңіз
"Ара-арасында орысша сөйлеп қойатыным бар "депсіз бұл қате бұны да ескере жүріңіз.
Сіз "Ара-арасында орысша сөйлеп қоятыным бар" деп айтуыңыз керек.
 Құрметті оқырмандар осы сайтта таза сауатсыз жазбауларыңызды сұраймын!
Ал жарайды, ол үшін де кешірім сұрап қойайын,кішірейіп қалмаспын!)
Тырнақ астынан кір іздеуді қойайықшы осы, БӘРІМІЗДЕ ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ .... Ондай - ондай бәрінде де болып тұрады!
Ескертпеңізді ескерермін... Ж/е сұранысыңызды да орындауға барынша тырысамын өз басым!( ...)))
Свежий сөзінің тура мағынасы қалай айтылады????
Менде солай
"Свежий" сөзі тіркесіне қарай әр түрлі айтылады. Алайда ол сөздің жалпы баламасы ретінде "балауса" сөзін қолданған абзалырақ деп есептеймін.
свежий - балғын
+22 дауыс
Айтып кететін жайт; өзге ұлттың алдында /арасында жүргенде/ тіліңді білмей тұрсаң да, әрқашанда білетіндей түрлеріңді көрсетіп керегі болса дәлелдеуге тырысыңдар...
...тұр«а»саң
+19 дауыс
Мен қазақ тілін 100 пайыз білем! Ал орыс тілін білмеймін.
бастысы білсе бопты да...
казакша бопты деген соз жок , болды деген соз бар. Бопты деп озбектер айтады .
саған қосылам)))
Бопты деген сөзді түсінсең бопты да... неге жоқ дейсің, бар бопты деген сөз, бопты-болыпты, кепті - келіпті (бұлар сіңісіп, кірігіп кеткен сөздер)... қатені меннен іздемей өзіңді тексер, орыстарға ұқсамай қатесіз жаз, кирилл әріптерімен!!!
ол кірме сөз болып саналады!!! қазақтыкі деп айта беріндер)))
"Білсе болыпты да" деген сөз бар.
жоқ бопты ол диалект сөз, оңтүстік халқы осылай айтады
+15 дауыс
97% пайызға білем...араластырып сөйлеймін...
+14 дауыс
Қазақшаны өте керемет білемін, бірақ қазір агентпен де,  көшеде де қазақшаны қойып, орысшаға көшкем. "Өз тілімді білген аз етеді ау" деп орысшаны да үйреніп жүрмін.
+12 дауыс
57,9% , білемін деп айта аламын..........
+13 дауыс
Мен өзімнің қазақшамды керемет дей алмаймын, әрине. Бірақ өз ойымды толық жеткізе алатындай дәрежеде деп ойлаймын. Достарымның жанында барынша шұбарлатпауға тырысамын. Бірақ бұл кей адамдарға таңсық көрінуі мүмкін. Мен қазір қазақ тілінде кітаптар көбірек оқуға тырысудамын. Кітап оқу арқылы да біраз жааңа сөздер үйреніп, өз қазақшаңды дамытсаң болады.
+14 дауыс
97% білемін деп айта аламын.................................................................................................................
+15 дауыс
Қазақ тілін 99 пайызға, ал орыс тілін 70 пайыз білем деп ойлайм))) ағылшынды 20 пайыз, латын тілін  медицинаға қатыстыларын білем))
но мен де көбіне орысша араластырып сөйлейм, бірақ қазақша жазу керек кезде олай қиналмайм, шүкір бір басыма жетерлік тіл байлығым бар, МАҚТАНҒАНЫМ)))))
ойлайм))) - ойлаймын
білем)) - білемін

но - енді
сөйлейм - сөйлеймін
қиналмайм - қиналмаймын
+16 дауыс
Ыстық!
Көш жүре келе түзеледі.
Тағы айтайын дегенім,бәрінің қатесін жөндеп керек емес,ол қателерді жөндейтін сайтта маман,редактор,модераторлар бар.Солардың қатарына қосылғыңыз келсе,админмен байланысыңыз.
Сіз тырнақ астынан кір іздегендей болып отырсыз.Бұл менің пікірім.
Жұмбақ қыз!
Маған түсініксіз мін тақсаңызда, менің сізге жауап бермес бұрын, сіздің осы сайттағы қоржыныңыздағы сұрақ-жауабыңды ақтарып, оқып шықтым. Маған сіздің сөйлемді саптап, қатесіз жазып, оны жақсы түйіндей білетініңіз ұнады, жарайсыз. Тек тыныс белгіден кейін, бір ашық орын қалдырсаңыз, өтініш. (СМС-тен қалған, әдет қой, түсінемін)
«Сын айтылмай, мін түзелмейді»  деген де бар, осы мәтел секілді, қазақтың әр сөзінде тәрбиелік мән жатқан мақал-мәтелдерін өз орнымен пайдалану керек. Ал, енді осы сайтта маман, редактор, мадераторлар бар дейсіз, бірақ сол мамандардың өздері (барлығы бірдей емес) қате жазып жатса, біз соларға қарап үлгі алмаймыз ғой. Кішкентай сын айтсаң болғаны, өшіре кетеді. Неге???

Құрметті сайт мамандары, екі ауыз сөздің өшірілмеуін сұраймын...
ия,дұрыс айтасыз.Сайтқа енді ғана 1жыл толды.Мамандар,редакторлар,модерлердің көбісі мектеп жасындағы оқушылар,олардың көп уақыты бола бермейді.Алла қаласа бәрі өз орнына келеді.Дұрыс айтасыз енді қадағалап жүремін.Рахмет!
+16 дауыс
100 пайызбен сөйлейтіндер аз. Мен өзім 100 пайызбен сөйлемеймин. Мойындаймын. Арасында орыс сөздерін қосамын. Кейде ағылшын)) Бірақ жазу оқу жақсы және қазақша жақсы түсінемін.
+15 дауыс
Өз басым қазақ тілін 100 пайыз білемін.Өз тілімізді 100 пайыз білмесек,ол ұят..!!
+14 дауыс
Өз тілімде 100 пайыз,)) орыс тілінде 99,9 пайыз, )) ал ағылшынша1 пайыз (( сөйлеп және білемін!!!!!!
+13 дауыс
98% білем деп айта алатын сияқтымын. Бірақ  орысша сөйлеймін (48%)
+13 дауыс
менің қазақшаны қанша пайызға білетінім біреулердің мазасын алмаса екен деп тілеп жүр едім. қап әттең оны да көп көрді ме.

біреудің қатесін жөндегенді жақсы көретін сияқтысыз. редакторлыққа ұсынамын, бәрінің қатесін жөндеп отыратын боласыз.

және мына сұрағыңыз сайт ережесіне сай келмейді.
осы жастардың қазақ тілін қаншалықты біледі екен деп, мазам кетіп жүргеніне бірталай болды, бірақ Абылай, модератор бола тұра, қатесіз жазудан осы жерден ғана әрі асалмады....

текке күйе жақпас үшін, бір-екі мысал:
ұнады )) сені редакторлыкка усыныватр конференцияда
-=Абылай=- Доцент 14 сағат бұрын пікір қалдырд
тагы коптеген операторлар бұл сайтты блокировать етип тастаган - дегендей, қайсыбірін айтайын...)))
хехе бәуірэм жаза бер. табиғатыма да әсер етпейді бәрібір. сайтқапайдасыжоқдесеңдермодераторлықтаналыптастайберіңдерссс. жалпы сен жарадың. барлығының жауаптарын оқып қателерін іздеуден ертінбейтініңе тәнтімін.
Хех, Абылай, сенің де сағың сынатын күн бар екен-ау.... теріңе сыймай жүр ең))))
Көркем ау сен кімнің жағындасың өзі?
түнімен сабырға шақырып, ОНЫҢ <font color="red">ҚЫЗЫЛ</font> кәртішкесі бар, түсіністікпен қара деп миымды жеп қойғасын сөздеріңді жерге тастай алмадым.
+13 дауыс
мен 100 пайыз білемін. Қазақша білмейтін қазақтар көөөп!
+11 дауыс
Күнделікті сөйлегенде кетіп қалып жатад орысша. Сосын әдеби байлығым да аз. Сондықтан 95%десем болатын шығар.
+8 дауыс
100% білемін деп айта аламын.
+11 дауыс
5 ке білемін деп айта аламын 100%
+11 дауыс
Сенбейсің, бірақ мен барлығымен қазақша сөйлеймін. Сөздерімді таңдап сөйлейтін болдым. Банк, дүкен, мемлекеттік ұйымдарда өзіммен қазақша сөйлеуді талап етемін. Осыған дейін 2 компьютерлік ойынды қазақ тіліне аударып, 4-5 банк қызметкеріне, 10 шақты дүкендерге және 20 шақты сайттарға қазақ тілі болмауы/білмеуі туралы арыз шағымдар жаздым. Компьютерімде кемі 50 пайызы қазақша, ұялы телефонымды (symbian) қазақшаға аударудамын.
Осылай қазақшаланып жүрміз тырысып.
жарайсың, жемісті жұмысың көп болсын....
+11 дауыс
Сәлеметсіз бе,иә менде қазақ тілін 100% білемін деп айта алмаймын,қазіргі кезде таза қазақша сөйлейтін адам бар деп те айта алмаймын.Ал өзіме келетін болсам қазақ тілі ана тілім болғандықтан,оны білу міндетім деп ойлаймын.
+8 дауыс
100% сөйлей алам таза қазақша

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+2 дауыс
6 жауап
127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы