Сұрағыңыз, көтеріп отырған мәселеңіз өте орынды. Біздің әндеріміздің деңгейі біздің шоу бизнестің, сахна мәдениетінің, өнерге деген құрметтің, өнерпаздарға деген құрметтің деңгейін көрсетіп тұр.
Өзіңіө айтпақшы Италияның шедеврлеріне жету бізге ұзақ уақытты немесе Қазақстанның музыка әлеміндегі өзгерісті талап етеді. Табысын қалыңдату мақсатында той бизнеске үлесін қосып жүрген өнерпаздарымыз сол уақытты тағы да ұзартып жіберуде.
Арине, бізде де халық жадында ұзақ сақталатын естір құлаққа әуезді әндеріміз бар. Бірақ санаулы әндерімізді айдың бетін бұлт басқандай таланты болмаса да, өнерді күн-көрістің қамына айналдырған әншісымақтар көлегейлеуде. Қазір бәрі әнші Тіпті, кейде әнш"лердің жаңа әндерін сағынасың. Әнші көп, әнге тақырып калмады, ән қалмады, сөздердің қайталануы көбейіп кетті.