0 дауыс
16.6k көрілді
Ораза ұстағанда ауыз жабар уақыты жəне ауыз ашар уақытын айтсаңыздар?

2 жауап

0 дауыс
күн шыққанға дейін ауыз бекіту қажет,күн батқан соң, яғни ақшам намазы басталғанда ауыз аша беруге болады
30 күн ораза дейді да, мақұл оған қарсылығымыз жоқ, дұрыс. Бірақ кешке тамақ жеу деген не болды сонда, айырмашылығы күндізгі жейтін тамағыңды түнге ауыстыру, бұдан не пайда табамыз. Міне мәселе қайда жатыр. Орыстарда да бар екен ондай ораза, бірақ олар жеуге тиым салынған тағамдарды жемейді екен, 40 күн оразаларын қатаң түрде ұстанады екен. Шын ашыққың келсе давай 30 емес 10 күн бойы ешқандай тамақ жемей тек қана таза минералды су ішіп тазарайық, оған қалай қарайсың? Ешқандай тамақ жемеген адамның организімі 100 пайыз тазаланады, шлактардың бәрі кетеді екен. Ал бірақ қарапайм адамдар онсыз да құнарлы тамақ ішуге шамалары жоқ қара нан мен қара шай ішіп күн көріп жүр( ақшалары жоқ), и так  оларға витаминдер жетіспей анемия болып жатыр қазіргі заманда. Мен әлі ораза ұстап аш болып жүрген ақшасы көп,бай адамдарды көрген жоқпын, бірақ олар ораза ұстап жүрмін деп кеудесін қағып жүреді, кешке етті аямай жеп тойып алып.осы жағын түсінемай келемін да, оразаға деген сенімің жоғалады да кетеді.  Шын ораза ұстайтын адамдарға айтарым Оразаларыңыз қабыл болсын!
Ораза ұстау өз денсаулығыңды бұзу ғой, адам қалыпты уақытымен тамақ ішпесе организмге зияны тимей ме
ораза денсаулыққа пайда келтіредію,көптеген медицина ғалымдары мұны ғылыми түрде дәлелдеген(диетадан әлдеқайда артығырақ)
Белгісіз
0 дауыс
Түптеп келгенде, бұл шариғатпен рұқсат етілген, Рамазан айында, немесе басқа да айларда қарнын толтырып тамақтанғаны үшін, адам баласына ондай ісі үшін күнә жазылмайды. Алайда, шариғат біздерді, тамақтануда орташа ұстамдылыққа шақырады, сондай-ақ, бұл — ауыз ашарға да қатысты. Орташа ұстамдылықпен сәресін ашу – адам денсаулығына және оның рухани халіне жасырын пайдасы бар.

Өз заманының көрнекті ғұламасы, «Ислам дәлелі» / «Худжатуль Ислям» деген атқа ие болған, имам әл-Ғазали (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Иһйа улюму ддин» 1/330 кітабында, оразаны кәміл жасайтын алты құнды амалды келтіреді, соның ішіндегі бесіншісі – ауыз ашарда орташа ұстамдылықта болуды ескереді.

Ол былай деп жазған:

«… Бесінші. Сәресін ашарда рұқсат етілген аспен [халал] қарнын толтырып шектен шықпасын, өйткені кемшіліктерден пәк Алла Субхана уә Тағалаға, ең жеккөрген нәрсесі, бұл рұқсат етілген аспен толған қарын. Егер, ораза ұстаған, күндіз тамақтануын жіберіп алғанын, кешкісін  ауыз ашарда тамақтанып соның орнын толтырса, Алланың жауын жеңіп, құмарлығын тоқтып және оразадан пайда көре алады ма?! Ол кейде шектен шығып, өзінің әдеттегі қалыпты жағдайынан артық дәмнен татады. Әр түрлі тағамдарды арнайы рамазан айына қалдыру және басқа айларда қолданбау — бұл адамдар арасында әдетке айналды.

Бәріне белгілі болғандай, оразаның мақсаты – тамақтанудан бас тартып, құмарлықты басу және рухты тақуалыққа жақындату. Таңнан кешке дейін, қарынды тамақтандырмай, оның құмарлығы қызбай және қалауы күшеймей тұрып, кейін оған дәмдерден таттырып және оны тойдырса, онда оның рақаттануы артады, күші көбейіп және құмарлығы артады, бұлар ұйқыда болуы мүмкін еді, егер де ол [оразаға дейінгі] әдеттегідей қалыпта болғанында.

Рухани және оразаның жасырын пайдасы – құмарлықты әлсірету, ал бұл өз алдына адамды жамандыққа апаратын, шайтанның қаруы болып табылады. Оны әлсірету жолына жете алмайсың, егер оны азайтпасаң, ал бұл, ораза ұстамай тұрғанға дейінгі тамақтану, оның күнделікті кешкісін әдеттегідей тамақтанған асы. Ал егер ол күнделікті кешкі уақытта қолданып жүрген асына тағам мөлшерін қосатын болса, онда ол оразасынан өзіне пайдасын тигізе алмайды. Керсінше, оразадағы әдеп бойынша, күндіз ұзақ уақыт ұйықтау — қабылданбайды, өйткені ол аштық пен шөлді және әлсіздікті сезіне алмайды. Сол уақытта жүрек тазарады, әрбір түн өткен сайын [құмарлық] әлсірейді, сол себептен түні бой сергек болу және түнгі ғибадатына көңіл бөлуі жеңілдейді. Сонда ғана шайтан оның жүрегінің айналасында жүруін мүмкін қояр, және ол «көктегі жасырын патшалыққа» бұрылады [Малакут].

Сондай-ақ, Лайлат әл-қадр [Қадір түні] түнінің білдірілген мағынасы — ол түні, жасырын білім Патшалығы ашылады [Малакут], және бұл Алла Тағаланың мына сөздерімен көрсетілген:

إِنَّا أَنْزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

«Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік» [Құран 97-сүре, 1-аят].

Ал кімнің қарны нығыздап тамақпен толы болса, онда оның жүрегі Мәләкут Патшалығын тамашалаудан пердемен жабылады. Ал біреу өзінің қарнын босататын болса, онда ол да оған жеткіліксіз, Алла Тағаладан басқасынан өзінің алға қойған ниетін тазартпайынша. Міне, бұл ең негізгісі. Ал оның барлық бастамасы – асты азайту».

 

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Ahlusunna.kz сайтына тиесілі.

Ahlusunna.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ahlusunna.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
...