0 дауыс
3 сөлем құрап төл сөзге және сол сөйлемдерді төлеу сөзге айландыру керек
05.04.2016 29.5k қаралым

2 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз сол айтылған күйінде жеткізуді төл сөз дейміз.

 Біреудің сөзін өзгертіп, тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуді төлеу сөз дейміз.

Мысалы:

1. ''Болашақ мектептен басталады,''-деді Нұрсұлтан Назарбаев.-төл сөз;

Нұрсұлтан Назарбаев болашақтың мектептен басталатынын айтты.-төлеу сөз;

2. Бауыржан: ''Азамат, Айбек қайда кетті?''-деп сұрады.-төл сөз;

Бауыржан Азаматтан Айбектің қайда кеткендігін сұрады.-төлеу сөз;

3. Төле би: ''Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр,''-деп ақыл айтты.-төл сөз;

Төле би қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыру керегін айтты.-төлеусөз.
05.04.2016
0 дауыс

Төл мен Төлеу сөзге мысалдар жауап беріңізші 

25.04.2023
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,980Қолданушы