0 дауыс
9.6k көрілді
орысша тил уйрену ушин кандай китап окуга боладыІ

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Орыс тілін үйрену өзге ұлттарға қарағанда, қазақ халқы үшін жеңіл. Оған сан ғасырлы тарихты, қазіргі геосаяси жағдайды, еларалық қарым-қатынасты дәлел етуге болады. Және де елімізде қазақтардан кейін, саны жағынан орыс халқы тұрып жатыр. Сондықтан, сізге тілді үйреніп кету оңай әрі тез болады. Тек талпыныс пен қаалу керек.

Тілді үйрену үшін:

- қарым-қатынас. Орыс тілді адамдармен араласыңыз;

- орысша кино қараңыз;

- орысша өзіңізге тақырыбы, мазмұны наған кітапты алып оқыңыз. Егер, кітап ұнамай, өзіңізді мәжбүрлеп оқысаңыз, нәиже шықпайды;

- орыс тіліндегі әндерді тыңдаңыз.

 

Кітаптарға келетін болсақ: Пушкиннің  атақты "Евгений Онегині", Гетенің, Достоевскийдің шығын қызықты шығармаларынан бастап көріңіз. Жеңіл тақырыптардан бастаңыз. Орыс тіліне аударылған кітаптарды да қарап шығыңыз.
0 дауыс

орыс галымдарынын китабын алып окыныз жанеде орысша кино,мультфилм коп корыныз

+2 дауыс
Ф.М. Достоевскийдің "Преступление и наказание" кітабы өте жақсы жазылған. Қазір соны оқып жүрмін. Бірақ өте көлемді кітап,ерінбей оқысаңыз жақсы болар еді. Немесе М.Горькийдің "Мать и воспоминаниясын" да оқуыңа болады. Нақты кітапты айту мүмкін емес. Тілді үйрену барысында қандай кітап оқығаныңыз емес,қаншалықты көп және ынталы оқығаныңыз маңызды.
Меніңше сұрақ қойып отырған қолданушы төменгі сыныптың оқушысы, "Қылмыс пен жаза" өте ауыр болма ма екен, (тіл жағынан да, психологиялық әсері жағынан да (жас шамасын білмей нақты кеңес беру қиындау сияқты)

Сосын тағы бір мәселе ол орыс тілін қандай деңгейде білгісі келеді екен, тек қана ауыз-екі тілді меңгергісі келсе классиктерді оқып қажеті жоқ, әдеби тілді болып кетеді (керісінше сөйлеуге кедергі келтіреді). Мысалы сіз көшедегі қазақтарға "Абай жолының" тілімен сөлеп қараңыз, біртүрлі болып кетеді ғой

Кешірерсіз, пікір жазғандағы мақсатым Сізді қаралау емес, жәй сұрақ қоюшыға ақылдасып көмектесу
0 дауыс
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" деген кітабын оқуға болады. Өте жақсы жазылған
0 дауыс
Сәлем ) егерде сен мектеп жасындағы жасөсірім болсаң және орысша сөздердің көбісін түсінбейтін болсаң, онда саған бере кеңесім ертегілерден баста дегім келеді. Себебі ертегілер өте жеңіл әрі сенің тез түсінуіңе , одан ары қарай қиын әрі күрделі кітаптарды оқуыңа септігін тигізеді. Менің анам маған ертегі кітаптар сатып алып беретін, ал қазір мен тек қана орысша кітаптар оқимын)) анама рахмет айтамын осы үшін бірақ менің бір осал тұсым әдеби кітаптарды оқымаймын сондықтан да саған ол жағынан көмек бере алмаймын, мен "деньги, успехи людей, финансы" осындай кітаптарды оқимын

Сәттілік саған))
...