+1 дауыс
1.7k көрілді

Бәріне сәлем, менің жасым 25-ке таяп қалды. Және мен осы 1-2 жылда жүріп үйленуге болатын қыз іздестірудемін. Өзім Алматы қаласынан боламын.

Өзім жайлы айта кетсем, колледж және университет бітіріп, сонғы 6 жыл бойы жұмыс істеп жүрмін. Бір тұрақты жұмысым бар деп мақтана алмаймын, себебі ұнамаган жерден кетіп қалам. Шынын айтсам, істемеген жұмысым жоқ . Бала кезден қара жұмыс істеп, қазір креативты рекламалық  компанияларды енгізетін маман болып алдым. Және бос уақытымда компьютерлік программалар жасап әуестенемін. 

Өстіп жүре берсем, бір күні қалай отызға келгенімді де түсінбей қалатын сияқтымын. Және де басың бос кезде, өзіңді бір тәртіпке келтіру өте қиын, білгеніңді істеп жүре бересін. 

Сол себепті қасыма өмірлік серік болатын адам іздейін дедім. Ең қызықтысы, қыздардың көбісі мендей жігітке қарағысы келмейді. Оның себебі мен бір ұсқынсыз болғаным емес , ал менің ауқаттылығым, дәлірек айтқанда, ауқатты емес болғаным . Көбісі дайынға кезігіп, рахаттанып өмір сүргісі келеді, мен оларды айыптамаймын, көрген тәрбилері сондай болар сірә. 

Алдыма қойған мақсаттарым бар, және ол жетістіктерге жететініме сенімдімін, бірақ ол кезде дайынға келіп басын сұға салатын адамның керегі жоқ маған. Үйленген, өмірді көрген адамдар болса маған кеңестеріңізді беруге өтінем, ондай қызды қайдан тапсам болады . 

P.S. Жазуларымда қателер жіберсем кешірулеріңізді өтінемін, мен қазақша жазбағаныма біраз жыл болып қалды. 

Мен қазақша, орыс, ағылшын тілдерінде таза сойлеймін 

9 жауап

0 дауыс
Өз-өзіңізді жақсы жарнамалайды екенсіз
Жоқ, о недегенініз, мен тек шындықты жаздым, ештенкені асырып, өзімды жарнамалау мақсатында колданган емеспін ))
0 дауыс
Вкда неше түрлі танысу топтары бар ғой сол жерден іздесеші☺.
Вк-да кыздардан шаршадым шыны керек, ойлаганы далбасалап уакыт откызу, кыдыру...
+1 дауыс
Өзіңізге жар боларлық аруды мынадай жерден іздеп көріңіз деп ешкім дөп басып айта алмайды. Әр адамның тағдыры әр түрлі, өмірлік жарларында әр түрлі жағдайда, әр түрлі орында тауып жатады. Сізге бақыт тілей отырып, мына кеңесті ұсынамын.

Психологтардың кеңесінше  әрбір адам өз талғамына сәйкес жарының портреті мен жеке өмірін қағазға түсіріп алу керек. Уақыт өте арманыңның іске асып, өзіңіз қалаған жарды жолықтыра аласыз!
Сонда мен онын суретын салу керекпын бе? жарайды. Ал онын бурынгы омыры аса манызды емес, маныздысы екеуымыздын максаттарымыз быр болгай
Толығырақ, өзіңіз қалаған қыздың бейнесін, түр-әлпетін саласыз, өмірін (қай жердің тумасы болғаны, ЖОО оқығаны,  сол секілді) жазасыз. Мақсатын өзіңіздің мақсатыңызбен бірдей етіп жазыңыз
Не айтып кеттіңдер?
0 дауыс
https://surak.baribar.kz/627229/%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B-%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%83%D1%96%D2%A3%D0%BD%D1%96%D2%A3-%D0%BD%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%B7-%D2%B1%D1%80%D0%BF%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BD-%D0%B4%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D3%99%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B3%D1%96%D2%A3-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D1%80%D2%93%D1%8B%D2%A3
0 дауыс
Ең бастысы өзіңізге ұнаған қызды жолықтырып онымен тіл табысуға тырысыңыз.Қазіргі қыздар,бұрынғы қыздар деген жоқ.Ол дайынға тап болғысы келетін қыздар-қиыншылықты көріп қиналғандықтан жақсы өмір сүргісі келеді.Жағдайы жақсы қыз болса,жігіттің жағдайына қарамас еді.Қыздар негізінде өзім бақытты болсам екен деп емес,күйеуімнің отбасын бақытты қылсам екен деп тұрмысқа ойланып шығуы керек.Қыз таңдағанда міндетті түрде Әкелік тәрбиені көрген қызды алған дұрыс екен.Себебі,ол еркектің қаталдығы,еркектің сөзі әйел адамға қалай өтетіні соның бәрін және еркекті қалай сыйлау керек екенін біледі.Бірақ,кейде адамның сана-сезіміне де байланысты.Таңдап жүріп те тазға жолғатындар жетерлік.Бірақ,баста жанжалдасып ұрысып кейін артынша бақытты өмір сүріп жатқандар да бар.Дүкенге кіріп ұнамаған затты сатып ала алмайтындай,ұнамаған қызды жар қылып ала-алмайсыз.Сондықтан,ең бірінші қыз ұнау керек.Сіздің сөзіңізге қарағанда барлық қызды бірдей көретін секілдісіз.Сіздің көзіңізге ерекше қыз түспей жүр.Сондықтан,ешкімді ұнатпайсыз.Өзіңізбен жастысы болмаса да, тереңінен ойлайтын қызды іздеңіз.Қыртың-жыртыңы жоқ.Сұлулар көп,тек ақылы барлар аз.Өз басыма тәлпіш қыздар ұнмайды,созылып майысып тұрып сөйлейтін.Сіздің  жоқ дегеніңіз-жоқ,иә дегеніңіз-иә болатындай қызды таңдаңыз.
0 дауыс
Сен қыздың мінезіне қарама. Қыздың тартымды көркіне, сұлулығына, ден-саулығына қара. Ден саулығы мықты болса, рахат болады саған. Кейбір қыздар мінезі жақсы болғанымен тұрмысқа шыққаннан бастап больницадан-больница , өмір бойы оны емдетумен сандалып жүресің де қоясың, оның бәрі ақша, шаршатып жібереді. бала босанса да әлсіреп қиналады, оған қосыла сен де қиналасың. обьщем өте қиын болады, мына қымбатшылық заманда. Ал ден -саулығы жақсы қыздар физический мықты болады, кез -келген жұмыстарды тындырып тастайды энергиясы тасып, оған қарап өзің де физический жігерлене түсесің. Ал мінезі шатақ болса, ол өзі ақ жөнделіп кетеді  үй болғаннан кейін. Балалықтың бәрі артта қалады. Мінезі шатақтар бір жерді тесіп шығатынын да ескергеніміз жөн.
0 дауыс
Момын жуас ақылды қыздардан абайла, бәленің бәрі сондай момындардан шығады.

Қыздар негізі сәл ақымақтығымен де жарасымды, сүйкімді  әрі тартымды көрінеді, соны ұмытпа !
0 дауыс
Қысқасы қыз іздеме! Ол өзі жолығады күтпеген ойламаған жерден. Тек тіршілігіңді істеп жүре бер. Маңдайыңа жазғанды көресің.
0 дауыс
Таптыңыз деп үміттенемін (:

Ұқсас сұрақтар

...