+2 дауыс
5.3k көрілді
Тұрмысқа шыққалы жатқан қызға қандай кеңес бересіздер?
Бақытты болыңыз!!!, басқа не айтымыз енді )))

7 жауап

+2 дауыс

Мына 10 ережені ұстансаң, күйеуің саған таптырмас қорғаның әрі еске салушы көмекшің болады. Сонда жақсылыққа кенелесің!

1. Күйеуіңмен қанағатта өмір сүр! Қанағатшыл бол! Қанағат жүректі рахаттандырады.

2. Күйеуіңмен жақсы қатынаста бол, оны тыңдай біл, бұйрығына құлақ асып, бағынатын бол! Сонда саған Аллаһ разы болады.

3. Күйеуіңнің көзіне әрдайым жақсы, сұлу болып көрін! Сенің жағымсыз түріңді ешқашан көрмесін! Күйеуіңе сенен жағымсыз иіс сезілмейтін болсын! Сүрме және су қолдануды ұмытпа! Сүрме – барша нәрселердің ішіндегі ең жақсысы. Су – табыла бермейтін иіссулардың ең тәттісі, тазалық көзі.

4. Күйеуіңнің тамағын уақтылы дайында! Өйткені, аштықтың ыстығы күйдіріп, ашу шақырады.

5. Күйеуің ұйықтаған кезде тыныштық сақта! Себебі, шала ұйқы ызаландырады.

6. Күйеуіңнің үйіне, дүние-мүлкіне сақтықпен қара! Өйткені, мал-мүлікті сақтай білу оны шынайы қадірлегеніңнің көрінісі болып табылады.

7. Отбасыңды, балаларыңды күте біл! Бұл – ұқыптылықтың белгісі.

8. Күйеуіңнің сырын ешқашан да және ешкімге де ашушы болма! «Сырын аштым» дегенің – оның сенен безгені.

9. Күйеуіңнің бірде-бір ісіне қарсы шықпа! Егер қарсы шығатын болсаң, оның жүрегін қатырасың. Оны қаншалықты ұлықтасаң, соншалықты ол сені құрметтейді. Онымен қаншалықты келісер болсаң, ол соншалық саған жақын болады.

10. Күйеуің көңілсіз болғанда, сен қуанышты болма! Барынша оған құрмет көрсет, сонда ол да саған барынша жомарттығын аянып қалмас. Онымен барынша пікірлес бол, сонда күйеуің сенің ұзақ уақытқа жолдасың болады. Және де сен өз қалауыңнан оның қалауын, өз ризалығыңнан оның ризалығын артық көрмейінше бұл істерді жасай алмайтындығыңды біліп қой!

+1 дауыс

Тұрмысқа шыққалы жатқан қызға кеңес:

Тәжірибелі және мұсылман бір ананың ғасырлар бұрын қызына айтқан өсиеті:

Қызым, өзің туып өскен, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білмейтін адаммен өмір сүресің.

Сондықтан:

Сен оған жер бол! Ол саған көк (аспан) болсын!

Сен оған үй бол! Ол саған тірек болсын!

Сен оған күң бол! Ол да саған құл болсын!

Сен оған қиындық туғызба! Саған деген сезімі өшпесін!

Одан алыстап кетпе! Сені ұмытпасын!

Оның көзін, мұрнын, құлағын өзгелерден сақта! Көзі сенен басқаны көрмесін, сенен басқаның иісін сезбесін және сенен үнемі әдемі сөздер естісін!

Үйде отырып үй және қол-өнер жұмыстарымен айналыс!

Үйге азық-түліктен не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағатшыл бол және анау жоқ, мынау жоқ деп ешқашан шағымданушы болма!

Күйеуіңнің ақысын (құқығын) өзіңнен жоғары ұста!

Күйеуіңнің туған – туыстарына, жақындарына құрмет көрсет! Оларды құрметтегенің, күйеуіңді құрметтегенмен тең.

Тазалыққа, жинақылыққа мұқият бол.

Көршілеріңмен жақсы қарым-қатынаста бол! Олардан келетін қиыншылықтарға сабырлы бол!

Әсіресе көршілердің арасында сөз тасыма! Сөз тасудан ұзақ бол!

0 дауыс
Ең бастысы қыз болып барсаң болды, қалғандарын шетінен  үйреніп аласың, сол үйге бақыт әкелесің.  Егер басқаша болса сол үйдің шаңырағы шайқалып, түбінде  орны толмас бақытсыз жағдайға тап боласыңдар.
+1 дауыс
Ас әзірлеуді жақсы білген дұрыс.
+1 дауыс
Күйеуiңнiң түсiнiгi болмаса жоғарыда жазылғандарының пайдасы жоқ.
+1 дауыс
Артыңа қарама, ештеңе сұрамастан кете бер- кете бер, қазір қазақстанда 1 жігітке 5 қыздан келіп тұр.
+1 дауыс
Кыз сол үйден бақыт издеп емес, теек гана бир максатпен қандай болмасын бақыт жаратамын деп бару керек баратын уйине !!!
Иә, "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан дейді".Келген келіннің аяғы жақсы болса сол үйде береке,бірлік орнайды.  Негізі әр шаңырақтың бақытты болуы сол қыздардың қолында екенін, көп адамдар біле бермейді оны.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 8.09.2021 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+1 дауыс
9 жауап
...