0 дауыс
1.4k көрілді
Саламатсыздар ма! Менің қоятын сұрағым төмендегідей мазмұнда болады. Мен 04.03.2016 жылдан бері декреттік демалысқа шықтым. Бірақ декреттік жәрдемақымды алу үшін құжат өткізейін десем, проблема көбейіп кетті. Аудандық зейнетақы төлеу орталығының мамандары Әлеуметтік аударымдар дұрыс төленбеген деп құжаттарымды қабылдамай жатыр. не істеуге болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЗТМО-да не ХҚО-да:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не тууы туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың тууы туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік (некеге 2008 жылғы 1 маусымға дейін тұрған жағдайда);
5) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
6) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер бар құжат;
8) өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда – сенімхат
0 дауыс

Мына сілтемеге өтсеңіз, декретке қатысты толық ақпарат аласыз:

https://baribar.kz/card/dekrettik-demalysqa-shyghu-zhane-enhbek-quqyghy-turaly-ne-bilu-qazhet/

...