+1 дауыс
834 көрілді
Білсеңіз де, білмегендей боларсыз бәлкім?! Мәселен, тез жасалатын тағамдардың (фаст фуд) пайдасы болмақ түгіл, адам ағзасын қаншалықты улайтынынан хабарыңыз бар ма? Бар аурудың астан екенін білесіз бе?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл туралы БАҚ жарыса жазды. Дәрігерлер де дабыл қақты. Қала орталықтарында қаптап тұрған дүңгіршектерден табылатын бұл тағам түрінің бағасы сұраныс болғандықтан, аспандап барады. Алушының қалтасын ойламайтын кәсіпкерлердің ісі дөңгелегенімен, сіз не ұтасыз ?! Құнары құнына татымайтын тағам және аурудың түр-түрі...

Шіркііін, осындайда апаларымыз әзірлейтін үй тағамы мен ағарғанның түр-түрін армандайсыз ...!!! Біздің ұлт ішер асын, киген киімін адалынан еткен. "Ауру-астан", "Ас-адамның арқауы" деген қанатты сөздер ел аузында осыдан қалса керек. Бір ғана қымыздың өзі дерттің түр-түріне дауа . Мұны біз емес, мамандар да тілге тиек етіп отыр. Мәселен, қымыз өкпе ауруларына тағайындалады. Әсіресе құрт ауруларына таптырмас ем. Құрамы күрделі, әсері мол дәрілердің тез сіңуін қамтамасыз етеді. Иммунитетті де күшейтеді. Медикоментозды ем 6 ай болып есептелсе, дәрілерді қымызбен қоса пайдалану әлдеқайда тиімдірек болады. Бұл дәлелденген терапия. Сондықтан дәрігерлер тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті профилактика үшін де қымызды ішіп жүруге кеңес береді. Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Жақында ғалымдар тағы бір жаңалық ашты. Төрт түліктің ішінде биенің сүті ғана альбуминдік (сүттің ерекше түрі) қасиетке ие екен. Демек, бие сүті ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүтке қарағанда ерекше болып келеді. Бұл – бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары қаншама

Жылқы малының төрт түлік ішінде текті екендігін бұған дейін де айтқанбыз. Жануар судың тұнығын ішіп, шөптің асылын теріп жейтінін қайтерсіз?!

Аурудан асқан жан бар ма,
Жылқыдан асқан мал бар ма?!
Биенің сүті сары бал,
Қымыздан асқан дәм бар ма?!
+2 дауыс
Нан бар жерде ән бар! Аурулар астан емес дұрыс тамақтанбағандықтан және салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан пайда болады!

Аурулардың халықаралық жіктемесі :

I. Жұқпалы және паразиттік аурулар
II. Ісіктер
III. Қан түзуші ағзалар аурулары және белгілі бір бұзылыстар
IV. Эндокриндік аурулар , тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы
V.Психикалықаурулар                                                                                                                              

VI.Жүйке жүйесінің аурулары
VII. Көз аурулары
VIII. Құлақ аурулары
IX. Қан айналымы жүйесінің ауруларыX.Тыныс алу жүйесінің аурулары
XI. Ас қорыту аурулары

XII. Тері мен теріасты аурулары
XIII. Тірек-қимыл жүйесінің аурулары
XIV. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
XV. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезең

XVI. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар
XVII. Туа біткен ауытқулар (қан аурулары), деформациялар және хромосомдық бұзылулар
XVIII. Жарақаттар, уланулар
XIX. Жітімнің сыртқы себептері
ХХ. Денсаулықты сақтау қызметтері және денсаулыққа әсер ететін факторлар

Дұрыс тамақтанбағандықтан пайда болатын аурулар : қант диабеті,гипертония,атеросклероз,жүрек аурулары,қатерлі ісіктер(рак),семіру(майдың шамадан тыс жиналуы).

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
0 жауап
...