0 дауыс
Бизнес - жауапкершіліктен басталады. Жауапкершілік жоқ жерде бизнес те, мәдениет те, білім мен ғылым да болмайды. Даму мен көркею туралы айтудың өзі артық.

Нұрлан Жанай
31.03.2016 612 қаралым

1 жауап

+2 дауыс
Бизнес - жауапкершіліктен басталады.

Бұл жерде бірінші жауапкершілік мәселесін талқылап алу керек. Жауапкершілік дегеніміз - айтқан сөзінде тұру, берілген немесе орындалуы керек тапсырмаларды бұлжытпай орындау, пунктуалды болу, бос уақытын жоспарлай алу секілді адам бойында кездесетін қабілет. Жауапкершілік сөзі мен бизнес сфера тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Себебі, бизнес - өз мүмкіндіктеріңді тиімді пайдалана білу, сол арқылы пайда табуға ұмтылу болып табылады. Ал бизнес бастаймын деп жауапкершілік болмаса, сол бизнеске салған капиталы, бұған дейінгі барлық еңбегі еш кеткені деп түсінуге болады. Қайткенмен де, бизнес тәуекелдікке барумен ерекшеленеді, ал жауапкершіліксіз істелінетін болса, барлығы бекер болғаны.
31.03.2016
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы