0 дауыс
7.7k көрілді
Суннит пен шииттің айырмашылығы неде?

1 жауап

+1 дауыс
Сүннет (арабша سنة суннат) - Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) сөзі, әрекеті және тақриры (шешімі) деген сөз. Құранда Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) бойұсыну бұйырылады. Сүннет - парыз бен уәжіптен бөлек, Пайғамбар (с.а.у.) жасаған және жасауды насихат еткен іс-әрекеттер.

Шииттер (араб.: شيعة‎ — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. шииттер (шиғалар) Әли ибн Әбу Талибті Пайғамбардан кейінгі билікке ең лайықты адам санап, алғашқы халифтер болған Әбу Бәкір мен Омарды зұлымдық жасады деп айыптайды. Олардың көзқарасы бойынша Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған, олардың сөздері шариғатсаналады. Олар көптеген сахабаларды Мұхаммед пайғамбардан кейін Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды. Шиғалардың сенімі бойынша «нағыз» Құранды Мәһди алып келеді. Шииттердің кейбіреулері Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін балағаттап, зина жасады деп айыптайды, оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін тойлайды.

Шиитер билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп, басқа әмірлер мен халифтардың билігін заңды деп санамайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Осыған байланысты оларды «әл-Исна Ашария» (он екіліктер) атайды. Бұл соңғы имам Ақырет алдында Мәһди болып қайтып келеді дейді. Олардың сенімі бойынша бұл имамдар ғайыпты біліп, «тылсым» дүниелерден хабары бар. Алтыншы имам саналатын Джафар әс-Садиқтан кейінгі имамды таңдауда таласқан шииттер екіге бөлініп, Исмаилды қолдағандар өзіндік сенімдері бар исмаилия ағымына айналып кетеді. Олардың имамдары жәй діни көсем емес, Аллаһтан аян алатын, жаратылыстар мен Аллаһтың арасын жалғастыратын, дұғалар мен тілектерге жауап беретін Аллаһтың орынбасарлары. Оларды сүю — иман, оларды мойындамау — үлкен күпір.

Ұқсас сұрақтар

...