Егер сіз химия пәнін таңдап, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түскіңіз келсе, бұл университетте Жаратылыстану ғылымдары факультетінің 5В060600 Химия (жаратылыстану ғылымдары) мамандығы бар.
5В060600 – Химия мамандығы туралы
Бұл мамандықты тәмәмдаған түлектерге «Химия» мамандығы бойынша «жаратылыстану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер және білім беру, ғылым мен экология салалары табылады.
Студенттерді экономика мен өнеркәсіптің химиялық салаларында өндірістік және технологиялық үрдістерді жүзеге асыруға; ғылыми зерттеулерді, бағдарламаларды ұйымдастыру және жоспарлауға; өндірістік, ғылыми және оқытушылық ұжымға, зертханаға жетекшілік етуге дайындайды.
Түлектер аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлы-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханаларында, химиялық, мұнай-химиялық, экологиялық, металлургиялық фармацевтік профильдегі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (институттар, зертханалар), жалпы білімдік мекемелер мен білім беру бөлімдерінде жұмыс істей алады.