0 дауыс
1.8k көрілді
Араққа құмарлыққа не себеп? Денсаулық жайлы білгім келіп еді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар. Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.

1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды.

3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады.

          Араққорлықтың зұлым кесел екені бәріне белгілі. Алкоголизмнің туындау себептерінің үш тобы бар: физиологиялық, әлеуметтік (социалдық) және психологиялық.
Физиологиялық себептеріне ең алдымен араққұмарлыққа тектік бейімділік жатады. Алкоголизмнің әлеуметтік себептері психологиялық себептермен тығыз байланысты.
Араққұмарлықтың психологиялық себептері адамның мінезімен, оның ақыл-ой қабілетімен, күрделі өмірлік жағдаяттарға бейімделу ептіліктерімен сабақтас.
Жүнжу, қорқыныш, алаңдау адамды маскүнемдікке итермелейді. Көптеген жағдайда маскүнемдік – бұл науқасты толық емдеу үшін кешенді тұрғыдан келуді талап ететін күрделі дерт.
Жуық арада араққұмарлықты емдік-еңбектік профилакторийларда (ЕЕП) емдеуге тырысып, оларды елден жыраққа аластатты. Бірақ мұндай тірлік оңды нәтиже бермеді. Одан соң мемлекеттік деңгейде алкогольге қарсы дүрілдеткен науқан өтті. Оның да ықпалы аз болды. Кейбір елдерде (мысалы, Финляндияда) “құрғақ заң” әлі де бар.
Дегенмен, барлық халықтарда әр түрлі себептерге байланысты алкоголь тұтынуға келетін салт-дәстүрлер сақталған. Алайда бұл ережелердің ешқайсысы маскүнемдікті дәріптемейді.
Алкоголь адамның жан дүниесін өзгертуге, оған тыныштану, босаңсу, жайлылық сезімін силауға қабілетті, бірақ алкогольдің түзетілуі қиын зардаптары да жеткілікті.
Қазір көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша алкогольдік ішімдіктерді жоғары дамыған елдердегі ересек адамдардың 90 проценті тұтынады, оны шектен тыс 20-дан 40 процент аралығындағы адамдар ішеді, ал маскүнемдіктен орта есеппен 4-5 проценті жапа шегеді.
Нәтижесінде қазіргі заманғы медицина алкоголизм – бұл тек кесел ғана емес, сонымен қатар оны жеңу оңай түспейтін әлеуметтік (социалдық) құбылыс деген тұжырымға келді.
Бүгінде маскүнемдікті емдейтін әр түрлі медициналық орталықтар мен мамандандырылған клиникалар бар. Алайда туыстары мен жақындарының көмегінсіз пациент маскүнемдікті ешқашан жеңе алмайды. Кейбір жағдайда жұмысын, қатынас шеңберін және мекен-жайын өзгертуге тура келеді.   
        Араққұмарлық кеселінің алдын алудың мәні тұрғындарды заңгерлік және медициналық ағарту, маскүнемдікке төзімсіздік жағдайын қалыптастыру болып табылады. Маскүнемдікке қарсы күресу бойынша шараларды өткізгенде қоғамдық және әкімгершілік органдардың белсенді қатысуы тиіс.
Араққұмарлықтың профилактикасы сөздің кең мағынасында – бұл салауатты өмір салты үшін күресуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және психогигиеналық шаралардың кешенді жүйесі, спирттік ішімдіктерді тұтынуды мүлдем болдырмау.
Алкоголизм профилактикасының бірінші реттік, екінші реттік және үшінші реттік алдын алу шаралары бөлініп қарастырылады.
Бірінші реттік алдын алу шараларына алкогольдік дәстүрлердің теріс ықпалынан сақтандыру, тұрғындарда, әсіресе болашақ ұрпақта спирттік ішімдіктерді мүлдем тұтынбауға бағытталған әдептік наным орнату жатады. Алкоголизмнің бірінші реттік профилактикасының негізін салауатты өмір салтын дәріптеу құрайды.
Екінші реттік профилактика маскүнемдікке шалдыққан сырқаттарды және спирттік ішімдіктерді шектен тыс тұтынуға бейім тұлғаларды барынша ерте (мүмкіндігінше) анықтауға, сондай-ақ қоғамды сауықтыру бойынша кешенді емдік және әкімгершілік шараларды өткізуге бағытталады.
Үшінші реттік профилактика дерттің қайта оралуын (рецидивін), оның өршуі мен асқынуларының алдын алуға бағытталған. Бұл мақсатта рецидивке қарсы, организмді жалпы нығайту және симптоматикалық емдер қолданылады. Бұл тұрғыда әлеуметтік оңалту және қажет болса – мәжбүрлі емдеу мәселелері шешіледі. Бала мен жастар ұжымы арасында салауатты өмір салтына тәрбиелеуге ерекше мән берілуі тиіс. Мұнда зор педагогикалық шеберлік, терең психологиялық білім көрсетілгені жөн.
Санитарлық-ағарту жұмыстарын елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, Қызыл Жарты Ай қоғамдары, наркологиялық мекемелер, білім ордалары жанындағы наркологиялық бекеттер жүзеге асырады. Оған қоса үкіметтік емес ұйымдардың кейбірі нашақұмарлыққа, маскүнемдікке қарсы күресуді өздерінің жұмысының негізі етіп алған.
0 дауыс
пікір білдіргеніңізге рахмет
...