0 дауыс
6.6k көрілді
Информатика мамандығын яғни 5в011100 бітірген соң қандай жұмыс істеуге болады?

Негізгі мамандық педагог информатика, басқа салаға аусуға мүмкіндік бар ма, информатика мамандығын бітіргендер бар ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру мен жалпы білім беретін ұйымдарда, білім беру мекемелерінде балалар мен үйренуші жастарды дамыту; ғылым, ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет обьектілері:

мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері, білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары, мектеп, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік оқу орындары, ғылыми ұйымдар;
информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім беру департаменттері;
өз жұмысында қолданбалы математикалық әдістерді және компьютерлік технологияларды пайданалатын жеке меншіктің әр түрлі ұйымдары.

Бұл саладан басқа жерде қызмет еткіңіз келсе, магистратураға түсіп, IT мамандықтарының бірін оқып, сол бойынша жұмыс жасасаңыз болады. Немесе, Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан IT компанияларға қажет верстальщик, бағдарламалық жасақтаманы құрушы, веб-дизайнер секілді мамандықтарға үйрететін курстардан білім алып, компаниялардың біріне жұмысқа тұра аласыз.
0 дауыс
Мен информатикп мамандыгын битирдим педагогтик.брак мугалим болып сабак бергим келмид.осы мамандык бойынша баска жумыс жасагым келеди
...