Жол ережесі, ГАЙ | 640 қаралды
Штрафты 21 жазып берді 28 төлеу керек болған бірақ төлей алмадым бүгін барсам бір есе болыпты ол сағатына өсе ма ертең барсам тағы бір есе жазып бере мее тезірек жауап жазасыздар ма өтініш срочно керек боп тұр звандап айтып жіберсеңіздер алғысым шексіз болар еді 87762970806 мына номерге Алла жар болсын

2 жауап

Штрафты бір апта ішінде салсаң 50% жеңілдік, біраптадан кейін 100% болады, сосын екі ай ішінде төлемесең сот орындаушыларға өтеді қателеспесем, оларға өткені үшін тағы аздаған % қосылатын болуы керек...
Жақсы Жауап

Жыл басынан бері бірқатар айыппұл мөлшері өзгерген болатын. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сүйене отырып, соңғы нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстанда әр 29 минут сайын бір жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Соның салдарынан әр 2 сағат сайын  17 жасқа дейінгі бір жасөспірім немесе бала жарақат алады, ал әр 3 сағат сайын бір адам қаза табады /ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің соңғы деректері/.

592-бап. Жылдамдықты белгіленген нормадан сағатына:

10-20 километрге дейiнгi шамаға арттыру – 5 АЕК;

20-40 километрге дейiнгi шамаға арттыру – 10 АЕК;

40 километрден астам шамаға арттыру – 20 АЕК;

Жылдамдықты сағатына 20-40 және 40 километрден астам шамаға арттыру жағдайы бiр жыл iшiнде қайталанса – 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

591-бап. Жүргiзушiнiң рөлде телефонды не радиостанцияны пайдалануы – 5 АЕК; егер ол бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК айыппұл салынады.

Көлік жүргізу кезінде телефонның немесе радиостанцияның дауысын қатты қосып сөйлесуге рұқсат етіледі.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Сұраққа жауап көріп тұрғамын жоқ
121,508 сұрақ
310,544 жауап
153,256 пікір
69,652 қолданушы