Жыл басынан бері бірқатар айыппұл мөлшері өзгерген болатын. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сүйене отырып, соңғы нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстанда әр 29 минут сайын бір жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Соның салдарынан әр 2 сағат сайын 17 жасқа дейінгі бір жасөспірім немесе бала жарақат алады, ал әр 3 сағат сайын бір адам қаза табады /ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің соңғы деректері/.
592-бап. Жылдамдықты белгіленген нормадан сағатына:
10-20 километрге дейiнгi шамаға арттыру – 5 АЕК;
20-40 километрге дейiнгi шамаға арттыру – 10 АЕК;
40 километрден астам шамаға арттыру – 20 АЕК;
Жылдамдықты сағатына 20-40 және 40 километрден астам шамаға арттыру жағдайы бiр жыл iшiнде қайталанса – 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
591-бап. Жүргiзушiнiң рөлде телефонды не радиостанцияны пайдалануы – 5 АЕК; егер ол бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК айыппұл салынады.
Көлік жүргізу кезінде телефонның немесе радиостанцияның дауысын қатты қосып сөйлесуге рұқсат етіледі.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.