Абай жолындағы, Бөжейдің асы бөлігі керек болып тұр еді?

+1 дауыс
56.9k қаралым
Абай жолындагы, Бөжейдің асы бөлігі керек болып тұр еді, іздеп таба алмадым көмектесіңіздерші?
Кітап, Әдебиет

1 жауап

+1 дауыс
Бұл күндерде бар жайлауларды кернеген жалғыз әңгіме – Бөжей асы туралы. Ас берген ел, асқа барған ел және үйде қалса да, барғандардан көп әңгімеге қанған ел – тұтасымен бір жайды аңыз етеді. Анығында, Бөжейдің асы бір Тобықты емес, тіпті, бұл өңір, бұл атырапта талайдан болмаған ас делінеді. Молшылық, сый-сыяпат, рет сыпайылық – барлығы да үлгі-өнеге берерлік бопты. Ас өлік үшін ғана емес, әсіресе, тірлік үшін керек. Олар өлімді сылтау етіп өздерінің абыройын, атағын, мақтаныш, айдынын да асырады. Сондықтан асты кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, құдіретті күштілер ғана жасайды. Өмірде кедейдің асы деген ас болмайтын себебі де сол. Солардың даңқ беріп дәріптеуі бойынша Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болады. Ас жылы туған бала ғана емес, астан бірер жыл бұрын туған, бірнеше жыл кейін туғанды да сол астың “ар жақ – бер жағы” деп, асқар белден бастағандай, межелейтін болады. Бөжей асының атағы сондай”

"Абай жолы" романының, "Қияда" бөлімінен ала аласыз, 223-224 беттер.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы