Тіл байлығы - адамның білімін, ақылын, интеллектін көрсетіп тұратын, жүре қалыптастыруға болатын қабілеттердің бірі. Сөз шеберлігін үйренуге болады. Қазақта мынадай сөз бар: "Сөйлей-сөйлей шешен боласың, көре-көре көсем боласың". Қызығушылық, талпыныс, еңбектің арқасында келетін дүние - сөз шеберлігі.Өйткені, сөзбен ел мен елді қосуға, ел мен елді айыруға болады. Сөз құдіреті деген де бар. Сондықтан сөз шеберлігі, тіл байлығы жетік адамдар көп жерде өзін көрсете, ойын орындата, билігін жүргізе алады.
Тіл байлығымды қалай көтеремін?
1. ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ. Күнделікті өмірде сөйлеген әрбір сөзіңізге аса мән беріңіз. "Қалай сөйлеп отырымн, не айтып отырмын, ойланып айттым ба?". Сөйлемес бұрын, ойланып, талдап барып сөйлеңіз. Орысша сөздерді қоысп, шұбарлатудан арылыңыз.
2. СӨЗДІК ҚОР. Тілдің тазалығын бір жолға қойып алған соң, сөздік қорыңызды қадағалаңыз. Өз ойыңызды қаншалықты анық жеткізе алғыңыз келеді? Қазақша кітаптар оқыңыз. Қазақша өлеңдер жаттаңыз. Үнемі қазақша сөйлеңіз.
3. ТӘЖІРИБЕ. Пікір алмастырыңыз, қазақша интелелктуалды топтарға қосылыңыз, пікірталастырып, өз ойыңызды анық жеткізуді қолға алыңыз.