Менің балам 2015-2016жж Атырау қаласындағы Достық білім беру орталығына барды. Балам жалпы жақсы оқитын еді, білім деңгейіне қарай, бірінші топта оқыды. Топта 12-13 оқушы. Математика және Логика пәндерін тереңдетіп оқытады. Қазақ тілі және ағылшын тілдері де жаман емес, бирақ керемет деп те айта алмаймын. Биыл қаламыздағы Н.Назарбаев атындағы мектеп пен ҚазақТүрік лицейіне емтихан тапсырдық. Оте жақсы көрсеткіштермен Алланын қалауы болар өттік. Біз КТЛ -ды таңдадық. Айтайын дегенім, Достық мектебінің мұғалімдеріне мың АЛҒЫС!!! Алла істеріне береке берсін! Басында білімі бар балаларға көп көмегі бар, білімді де аямай береді және тәртіпке де көп көңіл бөледі. Сабақтан тыс уақыттарда шақырып жатады, ол үшін ақы да сұраған емес. Ал, нашар оқитын балалар да барды, ата-аналары Достықты жамандайтындары да болды, бірақ бәрі балаға байланысты. Ол жерде өтірік уақыт өткізе алмайсың. Аптасына 3 күн, сағ 14*00 ден кешкі 18*00 ге дейін. Беріп отырған білімдері тікелей жоғарыда айтылған мектептердің талабына сай. Өз мектебіндегі сабақтарына кедергі келді деп айта алмаймын, көмегі тимесе...Логика мен математика тереңдетіліп оқытканнан шығар мумкін. Енді лицейде оқимыз Алла қаласа, саналы ұрпақ берсін баршамызға!!!