Гүл өсіретін қандай танымал адамдарды білесіздер? Немесе өзіңіз гүл өсіресіз бе?

+1 дауыс
2.1k қаралым
Журналымызда  үлкен жаңалық. 2012 жылдан  бастап  журнал 48 беттік көлемде  жылына 4 рет жарық көретін болады. Қазір, көптеген рубрикаларын  өзгерттік. "Қызықты сұхбат" деген айдар ашылды. Сол айдарда  гүл өсіретін, жалпы өсімдік атаулыға қызығатын ауласын, жұмыс орнын гүлдендіріп, көгалдандырып  жүрген  танымал адамдардан сұхбат алып, жариялайтын боламыз. Сондықтан, құрметті сайт қолданушылары, сіздердің араларыңызда кім осы салаға қызығады. Хабарласыңыздар!
Немесе қандай танымал адамдарды білесіз гүл өсіретін?
Жануарлар

1 жауап

+3 дауыс
Бөлме гүлдерін өсірем, көбіне өзім баптап отырамын. Танымал адамдардан: Қарақат Әбділдина, Шәкизада, Дидар Амантай, Болат Атабайлардың гүл өсіргенді ұнататындарын оқығанмын. Ал, журналға келсем, осындай журнал барын естімеппін, енді біліп жүретін болам.
Пікіріңізге рахмет! Аталғандардың ішінен  Шәкизаданың  гү өсіретіні жайлы бірінші рет естіп тұрмын. Жақсы, сіз маған тамаша ұсыныс тастадыңыз. Сәті  түскенде ол кісіден сұхбат алуға тырысамын. Тағы да рахмет!
Айтпақшы, егер Алматы қаласында тұратын болсаңыз, журналымызмен танысуға мүмкіндік мол...
Алматыдан емес болып тұрғаным, әйтпесе, журналыңызды білетін едім ғой.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы