0 дауыс
9.0k көрілді
Қандай өсімдік өмірінде бір рет қана гүлдейді?

4 жауап

0 дауыс
Бамбук ағашы.Тек  33 жасында гүлдейді екен.
0 дауыс

Өмірінде бір рет қана гүлдейтін өсімдік - Эхмея. Бұл өсімдік Оңтүстік Америкада өседі. Ғылым оны 1826 жылы ашқан. Шөп секілді, сабағы қысқа элефитты өсімдік. Өсімдік 2 - 3 жыл өмір сүреді. Оның бірнеше түрлері де бар.

0 дауыс

Әлемдегі бір рет гүлдейтін гүлдер тізімі

Әлемде 270 мыңға жуық гүлдердің  түрі бар екен. Оның ішінде 3000 жылда бір рет қана гүлдейтін аңызға айналған гүл,  ең жағымсыз иісі бар гүл, түнде ғана бүршік атып, таң атарда солып қалатында гүлдердің түрі кездеседі екен.  Біз сіздерге солардың ішіндегі  ең сирек кездесетін 10 гүлдің түрін ұсынамыз!

1. Кэмпион гүлі (Silene tomentosa). 1992 жылы ғалымдар бұл гүлді жойылып кеткен өсімдіктер тізіміне енгізген. Алайда, 1994 жылы Гибралтар жартасында Кэмпион гүлінің жалғыз данасын альпинист кездестіреді. Қазір Кэмпион гүлі Лондондағы ботаникалық бақшада өсіріледі.

2. Нефрит жүзімі(Strongylodon macrobotrys). Бұл гүлдің түсі нефрит сияқты  көк-жасыл, ал сыртқы пішіні жүзім сабағына  ұқсас  болып  келеді. Өркені 18 метр. Жойылу қаупінде тұрған өсімдік және тек Филиппин елінде ғана сирек кездеседі.

3. Тотықұс тұмсығы( Клюв Попугая (Lotus berthelotii). Бұл гүлдің түрі 1884 жылдан бері өте сирек кездеседі, отаны – Канар аралдары болып саналады.

4. Шоколадты космос (Шоколадный Космос (Cosmos atrosanguineus). Бұлай аталу себебі, гүлден  какао мен ванильдің хош иісі сезіледі. 100 жылдан бері кездеспеген гүлдің отаны  – Мексика. 1902 жылдан бері жасанды түрде өсіріледі.

5. Кокио гүлі (Kokai cookei). Гавай аралдарындағы талдарда өседі. Талдың ұзындығы 10-11 метрге дейін жетеді. Сабағындағы алқызыл түстерге толы гүлдер керемет көрініс қалыптастырады.

6. Кадупул гүлі (Epiphyllum oxypetalum). Шри Ланканың жабайы табиғатында кездеседі. Буддистер оны рухани мағынасы бар қасиетті өсімдік деп санайды. Кадупул гүлінің иісі таңсық және желектері өте жіңішке болып келеді. Түнде бүршік атып таңға дейін солып қалатын ғажайып өсімдікті  күн нұрынан қорқады деп ,  Жапонияда  оны "айдың көркі" деп атаған.

Толық мәліметтерді http://www.bilimtv.kz/item/әлемде-ең-сирек-кездесетін-10-гүлдің-түрі.html ала аласыз.

0 дауыс
Бамбук ағашы деп естігенім бар
...