Күйеуаяқ салт-дәстүрі туралы

+1 дауыс
5.9k қаралым
Күйеуаяқ Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата-енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді. осыдан басқа қосарларыңыз бар ма?
Салт-дәстүр туралы

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Қазақ салтында қызын ұзатып әкелген жолы енесі қайтарда оны күйеу жігіт (күйеу баласы) міндетті түрде ауылына апарып салады. Міне, бұл «ыңыршақ көру» деп аталады. Кей жерде «күйеу аяқ» дейді. Күйеу жігіттің «ыңыршақ көру» жолына ата-енесі ерекше мән береді, яғни, әл-ауқаттарына қарай ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті, сауындық, сойыстық мал айдатады. Бұл-ата-ененің күйеу баласына деген ата-аналық мейірім-шапағаты. Жортқанда жолы болсын, басқан қадамы құтты, отбасы бай-бақытты болсын деген ізгі тілектерінің айғағы. Бұл салт-күйеу бала мен ата-ене арасындағы сүйіспеншілікті одан ары тереңдетеді. Барыс- келіс, алыс-берістерін жиілетіп, жүректеріне шынайы ата-балалық сезім ұялатады. Түсіністік, сыйластық , сырластық сезімдерін терендетеді.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы