+1 дауыс
5.0k көрілді
Осында бір сұрақ "жайнамаз" туралы сұрапты, ол не екенін білмеймін шынымен, Гуглдетсем коврик деген шыға береді, ол сонда кілемнің бір түрі ме?
Ия дұрыс ойлағансын базЫ бір адамдарға қəдриятлы  Бір кілем, ал айрым бір адамдарға   жайғана кілемнің бір түрі !!!

5 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Коврик для молитвы. Жайнамаз — намаз оқуға арналған төсеніш. Мекке жаққа қаратып төсейтін бас жағы күмбезделе ойылады немесе сүйір ұшы сол бағытқа қаратылған күмбез бейнесі салынады. Әдетте жайнамаз адамның екі тізерлеп, мұрны мен маңдайын сәждеге тигізіп отыратын жерінің көлеміне қарай шақталады. Жайнамазды әркім өзімен бірге алып жүреді де, намаз оқып болған соң, оны бүктеп, алып кетеді. Намаз оқығанда тек жайнамазды ғана пайдалану міндетті емес. Жайнамаз болмағанда, оның орнына таза заттарды: мал терісін, жеке киімді, төсеніш, мата, т.б. пайдалануға да болады. Жайнамазды пайдалану тәжірибесі кейіннен қалыптасқан. Құранда, хадистің ережелік жинақтарында да жайнамаз атауы жоқ. Ерте мұсылмандық кезеңде де жайнамазды қолдану туралы тиянақты мағлұматтар кездеспейді. Жайнамаз мұсылмандар үшін іс жүзінде Аллаға құлшылық ететін жеке орын қызметін атқара алатындықтан, оған кейіннен діни маңыз бере бастаған. Кез келген таза, ласталмаған жерге жайнамаз төселгеннен кейін әрбір мұсылман өзін сыртқы әлемнен оңашалап алады деп есептеледі. Сопылық бауырластықта жайнамаз бауырластықтың негізін қалаушыдан оның басшыларына мұраға қалатын рухани тақ деп те саналған. Яғни бұл мағынасында жайнамаз сопылық бауырластық ішінде қолданылған қасиетті ұғымдардың бірі болып табылады. Жайнамаз атауының төңірегіндегі көптеген мистикалық түсініктер осы танымға байланысты туған. Жайнамаз тігу немесе тоқу ислам елдеріндегі дәстүрлі қолөнер саласында кең таралған.
Ия, рахмет әлгі намаз оқитындардың жерге төсеп жататындары екен ғой, өткенде жол бойынан көргем асфальттың жанында екі үш адам жерге бірдеме жайып жатқанын, Бәсе соңынан шыққан болды ғой, Құранды оқығанда да Хаддисте те кездеспеді,
+3 дауыс
жайнамаз намаз оқийтын кілем
+4 дауыс
Мешітке барып сұрасаң айтып береді. Əй қайдам сен мешітке бармайсың.
Әрине мешіт дегенге өмірі кіріп көрмеппін, (негізі ішінің қандай болатынын кіріп қарап шығу ерек еді, ішін суретке түсіруге болмайды дейді, сол рас па?)
Музей емес қой суретке түсіруге болмайтын.
Сұрағыма жауап бермедіңіз, мысалы буддалық кейбір храмдарға мүлдем камера алып кіруге болмайды екен, ал синагоны, шіркеуді түсіруге рұқсат берілген, сол сияқты мешіт туралы сұрап едім
+2 дауыс

Жайнамаз көп адам шыға алмайтын биік тау!!!

+1 дауыс

Ол намаз оқуға арналған төсеніш.

...