0 дауыс
5.1k көрілді
Қысқы олимпиада ойындарына не кіреді? Қандай спорт түрлері бар? Қысқы олимпиада ойындары туралы ақпарат?

1 жауап

0 дауыс
Қысқы Олимпи́ада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін қысқы спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1924 жылыжазғы Ойындарға қосымша ретінде өткізлген. Қысқы олимпиялық ойындар, қысқы олимпиялық ойындар өткізу жөнінде көптеген әңгіме болып жүретін. Халықаралық олимпиялық комитет бұл мәселені 1922 ж. күн тәртібіне қойды. Қысқы Олимпиада өткізу Олимпиялық ойындардың өрісін кеңейтіп, оның халықаралық деңгейдегі беделін арттыра түседі деген тоқтамға келді. Бұл шындығында солай еді. Жазғы ойындар бүкіл дүниежүзі спортшыларының достығын, ынтымағын нығайтты. Спортшы қауымның шеберлігі ұшталып, талғам, талпынысы еселене түсті. Енді егіздің сыңарындай Олимпиада жалау кетерсе, нұр үстіне нұр. Алайда, Скандинавия елдері өкілдері қысқы Олимпиядалық ойындар өткізуге қарсы болды. Бұл елде ездерінің ұлттық ойыны деп санады. Оны Олимпиялық ойындар санатына қосуға қарсылық білдіруге келді. 1924 ж. Шамони (Франция) каласында "VIII Олимпиялық (жазғы) ойындар қарсаңындағы халықаралық спорт апталығы" атты жарыс өткізілді. Бұл апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Италия,Канада, Латвия, Норвегия, Польша, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехославакия, Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған Солтүстік елдердің танымал спортшылары да аталмыш жарысқа түгел дерлік келді. Спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бағдарлама құрамына бобслей,шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау спорты бойынша жарысқа түсті.

Алғашқы алтын медаль АҚШ спортшысы Ч. Джутроудың еншісіне тиді. Ол норвегиялық О. Ольсенмен 500 м. қашықтыққа коньки жарысы бойынша ақтық сайысқа түсіп, мәрте сызығын бірінші болып қиды. Осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған жалпы 15 медальдың 14-ін Финляндиямен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартып, көпсайыста жеке дара жеңіске жеткен фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша жеңіс тұғырына Норвегия спортшылары көтерілді. Олар осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған 12 медальдың біреуін гана 18 км. қашықтыққа болған сайыста қола медальдың иегері атанған фин шаңғышысы Т. Никке олжалапты. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т. Хауг 3 алтын және 1 қола медальға қол жеткізді.

Бейресми командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс,7 қола, жалпы 18 медальдың иегері атанып, 122,5 ұпай жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Финляндия спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола, жалпы 9 медаль және 59,5 ұпаймен екінші, АҚШ спортшылары 1 алтын, 2 күміс, жалпы 3 медаль және 26 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Қысқы Олимпиялық ойындар, спорттың кейбір қысқы түрлерінен (1908, 1920 ж.-конькимен мәнерлеп сырғанау және 1920 ж. -шайбалы хоккей) жарыстар жазғы Олимпиялық ойындардың багдарламасына енді. ХОК (халықаралық Олимпиялық комитет 1925 ж. спорттың қысқы түрлерінен Олимпиялық ойындарды өткізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бір жыл бұрын Шамонида (Франц.) қысқы спорт түрлерінен апталық өткен болатын. Сол апталық 1-ші қысқы Олимпиялық ойындар деп есепке алынды. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан арасында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 7 күміс, 7 қола медальдарға ие болып 122,5 ұпай жинаған Норвегияның құрамасы 1-ші орынға, 26 ұпаймен 2-ші АҚШ-тың құрама командалары шықты. Осы ойындарда Норвегиялық шаңғышы Т.Хауг пен фин конькишісі К.Гунерг З алтын медальдан алды. Жылдар жылжып өткен сайын қысқы спорт түрлерінің қарқындап дамуына байланысты қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы кеңи түсті. 2010 жылына дейін өткен қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 19 түрінен өнер көрсетілді. Бағдарламадағы 14 негізгі спорт түрлеріне қоса қысқы спорт түрлерінің бесеуінен керсетілімдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда,1924, 1928, 1936, 1948 жылдары I, II, ІV, V қысқы Олимпиялық ойындарда шаңғы, 1948 ж. V-ойындарда қысқы бессайыстан, 1952 және 1972 ж. VІ, XI ойындарда хоккей- бендиден, 1952, 1972 ж. Vl, XI қысқы Олимпиялық ойындарда спидскингтен көрсетілімдер болды. 1994 ж. Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы Олимпиялық ойындардыңбағдарламасында ең көп спорттың 12 түрі қамтылды. Ал 1998 ж. Жапонияның Нагано қаласында өткен XIX қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 13 түрінен жарыстар өтіп чемпиондық атақ 64 адамға берілді. Алғашқы ойындармен салыстырғанда қазір олимпиялық бағдарламадағы қысқы спорт түрлерінің саны 2 еседей, сарапта салынатын медальдардың саны 4,5 еседей өсті. 1924-36 жылдардың арасында бағдарламаға бобслей-шаңғы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғышылар сайысы, конькимен сырғанау, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей енсе, 1948 ж. Санкт-Морицте өткен V қысқы Олимпиялық ойындарда бағдарламаға жаңадан спорттың бес спорт түрі қосылды (4-тау шаңғысынан, 2- ерлер, 2-әйелдер арасындағы бәсеке, 1-скетлоннан). 1960 ж. Сиво-Вэллиде еткен VІІІ қысқы Олимпиялық ойындарда ерлер арасында биатлоннан, конькиде 4 қашықтықта (әйелдер арасында) медальдар сарапқа салынды. Осы уақытқа дейін коньки жарысына тек қана ерлер қатысып келген болатын. 1964 ж. Инстуркте өткен ойындарда шана спортынан бәсеке өтіп ерлер - 2, әйелдер - 1 (ерлер және әйелдер үшін - 1 орындық, тек ерлер үшін - 2 орындық) бағдарлама бойынша сынға түсті. Шана спортынан жарыс бұрын (1924 жылы ғана, ал 1928, 1948 ж. тек скетлоннан жарыс еткен болатын.
...