+2 дауыс
12.9k көрілді
Абыройынан айрылған қызға үйлендім.

Жасым 30дан асып кетті. Бір баламыз бар, бірақ менің әйелімнің біреумен жатқанын көзіме келеді де тұрады. Бұл менің алғашқы некем. Өзім де періште емеспін, дегенмен арамыз суып бара жатыр, басында ондай ойлар келмеген. Ештеңеге қараған емеспін. Басында ойлағанмын, 21 ғасыр деп, Марсқа ұшып жатыр, ғылым дамып жатыр, қыздық ол ежелгі заман деп, бір қате кетсе кеткен шығар деп, Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз ақ босағаны аттағаны. Әсіресе, достарымның айтқаны сүйектен өтті,  ойлар басымнан кетпей қойды. Мен өзімшіл емеспін, қайда барады сонда жеберем әйелімді, төркініне барса, барма демеймін. Дегенмен, жаным жай таппай жатыр. Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің намысымды қалтама салып, үйлендім, шын жақсы көрем әйелімді. Әйелімнің жасы менен кіші. Тіршілік жасайды үйде, үйдегілер оны сыйлайды. Қандай, не пікір, қандай кеңес бересіңдер?

18 жауап

+1 дауыс
Сұрақты өңдейтін, əлде жоқ ете алатын адам барма !!!
сенімен келісем сұрақты жаба алатын медераторлар бар меніңше
+1 дауыс
Бұл сұрақты бұл сайтқа жазмағаныңыз жақсы болатын еді меніңше бұл сайтты қолданушылардың көбісі оқушылар студенттер т.б бұл сұраққа жөні түзү жауап алуыңызға сенімді емеспін..
қандай сайтқа жазам енді? "алаш айнасы" сайтының поштасы жоқ.
Екінші әйел аласың енді, бірақ ол қыз болсын .
жоқ, ондай қадамға барғым келмейді
Негізі маңызы өте зор сұрақ? Көп қазаққа сабақ болады. Анау айтқыш оттай беретіндерді тыңдама,олар айта береді. Сен осы әйеліңнің бағын ашыпсың,ол саған үлкен плюс болады. Айта кетейін екі-үш әйелі барлар да көп қазір, тағы да үйлен. Дегенмен де мүмкін келешекте осы әйелің сені үлкен жетістікке шығаруы да мүмкін ғой. оны кім біледі? Еркексің гой ешнәрсеге мойыма! Бірақ мойныңа алған уәдеңді де мойныңмен көтеруіңе тура келеді.
Elita дұрыс айтасың..
Студент жастарға как раз сабақ болатын сұрақ екен.
үйленгенде дейін, мәселені ести салып, мен жарты жыл толқындым, әрі ойландым бері, қыздармен де таныстым. әйелім болса, мінез құлқы тәртіпті, ашық мінезді, ақкөңіл, қарапайым. өзі де жылаған, кешірімді сұрап. менің тағдырым шығар деп үйленуге бел буғанмын сол қызға. үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. маған бұйыру керек пе еді деген ойлар кетпейді. алғашқыда ондай ойлар болған жоқ. уақыт өте келе үдейіп барады. өзімшілдік қасиеттерім жоқ, бірақ кейбір сәттерде жиіркеніш пайда болады
+4 дауыс
Егер достарың солай айтса, олар шын достарың емес (сенің шешіміңді құрметтеу керек, сені сыйламайтын болып тұр ғой). Білмеймін өз басым ешқашан айырылмас едім
+1 дауыс
Omir adamga bir ak ret beriledi goi. Omirindi okiniwpen otkizbeuge tirisuinizdi suramiz. Arine bul ulken kaigi er adamga. Birak bul erlikke sanali turde barsaniz, namisti er jigit retinde moinmen koteru kerek. Siz bul jagdaidi sanali turde oilanip amal jasaniz. Psiholog barip akil suraniz. Er jigittin iwinde kumani bolsa ari karai omir suru kien boladi. Siz ata ananiz silaidi dep omir surmeniz. Bir Allax sizge jurginizge ulken iman bersin. Sabr saktaniz. Kop oilanatin surak tastadiniz kizdarga altin sirga.
+2 дауыс
Ең бастысы бұл жерде, Ол қыз сені алдаған жоқ, шынын айтты. Ал сен оны біле тұра адами тұрғыда ойланып-толғанып, оған жаның ашыды,оның қателігін кешіріп, өзіме жар етемін деп ол қызбен келісіп, шештің ғой. Бұл да нағыз еркектің еркек екенін көрсетеді. Бұны көп санасыздар түсінбейді әрине.

Кейбір қыздар арам пиғылмен өзін операциялық жолмен қалпына келтіріп, адалмын деп, жігіттерді алдап тиіп алады, міне бұл деген өмірдегі ең жаман опасыздық, оның арты жақсылыққа апармайды.

Қарап тұрсақ бұл өмір адамзат үшін үлкен сынақ.
0 дауыс
Сенікі дұрыс емес. Əр адам қателеседі. Өзі алдын ала тұрмысқа шықпай тұрып мойындапты. Ол сенің достарың адал дос деп ойламаймын. Сені отбасыңа қарсы қойып жүрген. Сол достарыңның бəрінің қатындары қыз боп келген шығар тегі.
0 дауыс
Сiздiн булай жар салып акыл сураганынызга келиспеймiн. (мумкiн дурыс та шыгар ) НАГЫЗ ЕР АЗАМАТ екенсiз. Бул жагдай басына тускендер тусiнедi. Басына туспегендер ойына келгенин акыл гып айта бередi. Айелiнiздiн пактiгiнен бурын ШЫНДЫКТЫ АЙТКАНЫ УШIН омiр бойы сыйлап отсенiз де жарасады. Ал ойыныз бузылып айелiнiздi жек корген сатте АЛЛАДАН САБЫР СУРАНЫЗ. Бариде жаксы болады деп ойлаймын.
0 дауыс
сізбен үйленгенен ондай қылықтарға бармаған болса неге айрылысасыз.ол сіздегі псхикалық ауытқу болуы мүмкін.психолокқа көрініңіз.бәлкім жақсы болып кетерсіз.
0 дауыс
Әйел жаны нәзік қой, сіздің жақыннан бері көңіл-күйіңіздің бұлай озгеріп жүргенін өзі де сезіп жүрген шығар. . . Басында өзі де айтыпты, кешірім сұрапты. Өзіңіз бәрін біліп тұрып онымен үйленіпсіз. . . Енді жақсы әйел болса, артық ойға салынбаңыз, жауап кершілікпен қараңыз, құдай алдында бетіңіз жарық болады. . . Достарыңыз оны әдейі бетіңізге басып жүрсе дос емес қас екен. Өздерінің қолынан не келіп жатыр екен?  ондайларды сол майданда реттеп қоию керек еді. . .
+2 дауыс
Досым мені тыңда! Ер жігіттің басынан не өтпейді?! Сөзіме сен бұл өмірдегі ең қиын жағдай емес. Ең қиын жағдай 40 күн өткеннен соң əкең немесе шешеңнің кəбіріне барып тұрып олардың бұл өмірде жоқ екендігін жəне қайтып келмейтінін, көрмейтініңді ұғыну. Ал, сенің басыңдағы жағдай қазыргі өмірдегі екінің-бірінің басынан өтіп жатқан жайт. Сені əрине екінің-бірі қылғым келмейді алайда, жаман ойлар мазалап, ішіңді намысың қан жалатқанда балаңды бір сəт құшақтап өзіңді Сабырға келтір. Көмектеседі! Өзімнің тəжірибемнен айтып отырмын. Менде сендей бəрін білдім, сүйдім, кешірдім, өкіндім. Менде сен секілді ажырасқым келді. Маған да "достарым" бетіме басты, мысқылдады, намысыма тиді. Талай əйелімнен жиіркеніп бөлек жатып, айпағанды айтып жылытып қоятынмын. Бірақ ол не өзгертеді? Сен не өзгертесің? Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ. Барлығы өтеді де, кетеді. Барлығына олда шыдады, мен де сабама түсіп ақылға келдім. Бүгінгі күнде 2 сүйікті ұлымызды тəрбиелеп өмірімізді жасау үстіндеміз. Кеңесім егер ауылда тұрсаң ол жақтан көш. Сенің намысыңа тиіп осы ойларды есіңе қайта-қайта сала беретін осы ауылдың, "достарыңнын" əңгімесі. Ашу - дұшпан, ақыл- дос!Ақымақ болма! Сөзіме сен. Шамалы уақыт қана шыда бəрі ұмытылып кетеді! Отбасыңды сақта. Қиналып басыңа іс түскенде жаныңда қалатыны солар ғана. Бақытты бол! Жасым 29-да!
Мен түсінемін, бірақ ішкі дүнием оны түсінбейді. Жігіттік намысым оянды, әлде жиіркеніш намыс па? Ол маған күн сайын сыбырлайды; "Мен не істеп қойдым?, "Өзің жиіркенбейсің ба?".Әсіресе, бір телебағдарламада айтқандай; "өзін өзі сыйлайтын жігіт таза, пәк қалыңдық алады"- деген сөздер, ойымнан кетпейді, ойымнан өтпек түгілі сүйектен өткен тәрізді.
Алғашқы некем болғасын ба, алғашқы қадамым болғасын ба, жиіркенем мен, жиіркенем, шыдай алар емес күйдемін. Әйеліме айтпаймын, айтсам көз жасы мөлтілдеп өкіріп жылайды, өзімді кінәлі адам сияқты сезінемін, бәлкім кінәлі де шығармын?
Қазіргі жас қыздар түсінбейді, пәктіктің маңыздылығы зор екенін. Өзім оңтүстіктің жігітімін, біздің жақта пәктікке аса зор назар аударады. Өзім болсам, әйелім абыройсыз екенін әке шешеме айтқан жоқпын. Ол кісілер оны сұрамады да, бар шешімдерін өзіме берген. Әйелімнің әке шешесі де, қыздары абыройсыз екенін білмейді. Ұрыс керіс болған жағдайда, егерде, оны айқындатпау қолымнан келмейтін сияқты. Көңіл күйім мүлде жоқ, дұрыс ұйқым да жоқ, бөлек жата салам, немесе кеш келем, өзі де сезіп жүрген шығар. Шаршап әбіржіп жүрмін. Бірақ ажырасу ойымда да, жоқ. Мына жаман ойымнан арылу себептерін іздеу үстіндемін, бірақ тығырыққа тірелдім. Әкемнен кеңес сұрау, меніңше ұят, әкем де өзі денсаулығы нашар, мұндайды естісе денсаулығы нашарлап қалу мүмкін деген үрей бар. Екіншісі, әкеме оның жалғыз келіні етегі ашылған деп айтылса, бұл дегеніміз ұрыс керіске әкелуі мүмкін. Дұрыс түсіңіздер, бұл тағдырға деген өкінішім емес, бұл жан айқай секілді. Рахмет бауырым!
0 дауыс
Имам өте дұрыс айтады бауырым.Менің де пікірім дәл солай.Артық айтар ештеңем жоқ.Менің ойымның барлығын Имам айтып отыр.
0 дауыс
Өзімде періште емеспін дейсіз , онда ол қыз қазір қайда? сол қыздың өмірін өзгерткен екенсіз неге сол қызды енді алмадыныз?ол қазір сіздің жарыныз сияқты күй кешіп жүрген шығар .Əйеліңізді түсінесіз деп ойлаймын
0 дауыс
Абыройсыз деген созиниз тым катты естіледі! Ол сізге дейін жезөкшелікпен айналысса мейлі абыройын таптап,оның да өкінер қылығы, ол да былай болатынын білмеді,бір жігітке сенді соған ғана тұрмысқа шығамын деп ойлады,бұл тағдырдың жазуы, өмірдегі оның да сабағы! Сізден жасырып үйленген соң айтпады, алдын ала айтты, алдамады. Бұл да көп нәрсені айтатын қылық. Жарыңызды бағалай біліңіз! Ол да сіздің осындай кешіріммен қарап оны осылай қабылдағаныңызды ұмытпады, іштей риза, сіз махаббатыңызды дәлелдедіңіз. Осы үшін ол сізді іштей сыйлайды және өмір бойы адал жар болып өтеді,маған сенініз. Шайтан ойыңызга салған арам ойдан арылыңыз, сіздің ауыр жеріңізді біле тұра соған тұз себетін досты дос деп санауыңыз қате! Осындай сындардан өткен отбасы ғана үлгі болуға лайык болады! Ойыңызды жарыңызға айтушы болмаңыз ол оның жүрегін жаралап айтқан сөзіңіз ол сізді кешірсе де өмір бойы жүрегінде қалып қояды! Өмірдегі маңыздысы ол емес. Қыз болып тұрмысқа шыққан қыздар да күйеулерінінің көзіне шөп салып жатады, міне некелі жарына киянат жасаған айелді абыройсыз деуге келеді! Ең бастысы жақын жандарыңыз жаныңызда! Өмірдің әр сәтін бағалап, жаман ойға уақыт кетірмеңіз! Алланың бізге қанша уақыт бергені белгісіз емес пе....
Ойымды әйеліме айттым, ол болса қайта қайта жылайды. Бірақ намысым жібермейді мені, жиіркеніш сезімім оған деген күннен күнге күшейіп барады. Тығырыққа тірелдім. Қиналам мен.
Телегония жалған ғылым, ең бастысы мұнда -жиіркеніш сезімі. Қалай құтылам?
0 дауыс
Зинакор ерге, зинакор айел

зинакор айелге, зинакор ер

деген бар.Озин зинакор болмасан, айелинди жазгырма, озинен изде кинани, озинди кинала, озин сондай болмасан, жарын ондай болмас еди, сен созге ерип истеп отырсын гоой барин. Ерли зайыптынын арасына еси ауыскандар тусед дид

сенин омирин, жеке омирин. Ертенги куни достарым айтты деп ажырасасын, ал достарын кетип калад. Олар саган пак кыз тауып берип сени уйлендире алмайды да! Так что ертерек дурыс жагын ойла!
Дұрыс жағы қайда? Не істеймін деген ойлар кетпейді басымнан. Әбден әбіржіп шаршадым. Жиіркеніш пайда болады, қайта қайта. Ешкімнің сөзіне еріп отырған жоқпын.
0 дауыс
Қазақта жақсы сөз бар, Өткенге өкінбе, келер іске сақ бол деген!!! Сізге ажырас деп айтпаймын, басқаға сабақ болсын мына видео:

...