Мен түсінемін, бірақ ішкі дүнием оны түсінбейді. Жігіттік намысым оянды, әлде жиіркеніш намыс па? Ол маған күн сайын сыбырлайды; "Мен не істеп қойдым?, "Өзің жиіркенбейсің ба?".Әсіресе, бір телебағдарламада айтқандай; "өзін өзі сыйлайтын жігіт таза, пәк қалыңдық алады"- деген сөздер, ойымнан кетпейді, ойымнан өтпек түгілі сүйектен өткен тәрізді.
Алғашқы некем болғасын ба, алғашқы қадамым болғасын ба, жиіркенем мен, жиіркенем, шыдай алар емес күйдемін. Әйеліме айтпаймын, айтсам көз жасы мөлтілдеп өкіріп жылайды, өзімді кінәлі адам сияқты сезінемін, бәлкім кінәлі де шығармын?
Қазіргі жас қыздар түсінбейді, пәктіктің маңыздылығы зор екенін. Өзім оңтүстіктің жігітімін, біздің жақта пәктікке аса зор назар аударады. Өзім болсам, әйелім абыройсыз екенін әке шешеме айтқан жоқпын. Ол кісілер оны сұрамады да, бар шешімдерін өзіме берген. Әйелімнің әке шешесі де, қыздары абыройсыз екенін білмейді. Ұрыс керіс болған жағдайда, егерде, оны айқындатпау қолымнан келмейтін сияқты. Көңіл күйім мүлде жоқ, дұрыс ұйқым да жоқ, бөлек жата салам, немесе кеш келем, өзі де сезіп жүрген шығар. Шаршап әбіржіп жүрмін. Бірақ ажырасу ойымда да, жоқ. Мына жаман ойымнан арылу себептерін іздеу үстіндемін, бірақ тығырыққа тірелдім. Әкемнен кеңес сұрау, меніңше ұят, әкем де өзі денсаулығы нашар, мұндайды естісе денсаулығы нашарлап қалу мүмкін деген үрей бар. Екіншісі, әкеме оның жалғыз келіні етегі ашылған деп айтылса, бұл дегеніміз ұрыс керіске әкелуі мүмкін. Дұрыс түсіңіздер, бұл тағдырға деген өкінішім емес, бұл жан айқай секілді. Рахмет бауырым!