0 дауыс
549 көрілді
Қазақта жазу мәдениетінің қалыптасу тарих ғылымының дамуына байланысты бұрынғы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген шежірелер жиналып жазбаға түсе бастады. Қазақ жазба шежіресі қашан туған?

1 жауап

0 дауыс
Қазақта жазу мәдениетінің қалыптасу тарих ғылымының дамуына байланысты бұрынғы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген шежірелер жиналып жазбаға түсе бастады. Қауырсын, қаламмен қағазға түсірілген шежірелер ру басы мен билер, хан, сұлтандардың қолында сақталды. Ерте орта ғасырларда өмір сүрген, тарихшылар, этнографтар, ғалымдар қазақ шежірелерін жинап, реттеп, сақтауды, өз көзқарастарын қосып баяндауды дәстүрге айналдырған, сөйтіп ауызша шежірелер хатқа түсіп, жазба шежірелерге айналды. Мысалы қазақ тарихшысы  ғалым М.Ақынжановтың айтуынша «Қазақ шежіресі есте жоқ ерте заманнан ру-тайпалық дәуірден басталғаннан VII  ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды » деп жазды.

1.Іле өзенінің алқабындағы Алмалық қаласында туып-өскен қаңлы тайпасынан шыққан тарихшы, шежіреші және ақын Жапал Қарши (1230-1315) 1300-жылы жазған шығармасы «Мүлка хат ас-сұрақ» (сөздікке қосымша) атты еңбегінде қаңлы, қыпшақ, найман, оғыз т.б. тайпалардың ХІ-ХІІІ ғасырға дейінгі өмір-тіршілігімен шежіреаңыздарын баяндаған. Осындай шежіренің бірі «Насіпнама-қазақ» (қазақ шежіресі) қолжазбасы мұнда ХІІІ-ХVІІІ ғасырға дейін баяндаған.

2.Қазақ  халқынан шыққан әйгілі тарихшы, ғұлама ғалымдар жинаған шежірелердің құндылары қазақтың Дулат руынан шыққан Мұхаммед Қайдар Дулати (1499-1551) жазған «Тарихи-Рашиди»;

3. Қыдырғали Қосынұлы Жалаири (1530-1605) жазған «Тарих ат тауарих» (Жылнамалар жинағы) және

4. «Көшен Қарауыл шежіресі» (ХҮІІІ ғас.) мен Жәңгір хан шежіресі (1835);

5. Шоқан Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», Ә.Нияз жазған «Үш жүздің шежіресі», Ахмет Жантөрин, Мұса Шорманұлы, өтеубай Бөжейұлы қатарлы жинаған «Қазақ жұртының шежіресі», Қорғанбек Бірімжанұлының ұйымдастыруымен жиналған «Орта жүз бен кіші жүз шежіресі» (1894) және Торғай қаласында ғалым, ақын, жыраулар бас қосып, бір жыл кеңесіп жасаған шежіре «Ғажайып шежіре», «Шыңғыснама».т.б

Ұқсас сұрақтар

...