362 2 осы бап туралы айтып жібересіздер ма?

0 дауыс
2.3k қаралым
ЖПП-қызметкерлері билігін асыра сілтеп, өтірік хаттама толтырып, бұзылып тұрған көлікті күшпен алып кетіп  автотұраққа қамап қойды
• Санаты: Заң

1 жауап

+1 дауыс

Қылмыстық кодекс. 362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану

1. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егерде шынымен де әрекетті заңсыз болса, қылмыстық құрамы болса осы бап бойынша іс қозғалады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
25.06.2021 • Санаты: Заң Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы