+1 дауыс
830 көрілді
Менің ойымша Қазақстандағы тәртіп онша қатал емес сияқты, соның себебінен қылмыс көп болатын сияқты. Қытай Халық Республикасындағыдай қатал тәртіп орнатса қалай қарайсыз, мүмкін сол кезде қылмыс азаятын шығар?
Онда жарты жылдан соң қазақтардың бәрі шолақ болып жүрмесе...

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен де солай ойлаймын,бізде заң ондай қалал емес,ұрлық жасаған адамның саусағын шабу керек,тағы жасаса тағы бір саусағын шабу керек,сосын өзі қояды.Біреудің өміріне опасыздық жасаса,яғни өмірін қиса(қасақана),ол адамның өміір үзу керек,солай менің ойым.
+2 дауыс
Митінгіге шықсаң қырып тастаса,Зейнетақыға тіріде қолың жетпесе,өзге ұлттың қисығы түзу,өз ұлтыңның түзігі қисық болып тұрғанда енді қандай қаталдық керек,қазақтың төбесінен құдық қаз демесең.
Елжан,қылмысқа қатысты заңдылықты айтып отыр деп ойлаймын.
Тереңінен ойлапсыз.
+2 дауыс
Қытайлықтардың саны көөөөөп, сондықтан заң да қатал. Ұрлық жасаса саусақ кеседі екен деп естідім.

Ал қазақтар ааааааз, олай адам шығының жасай алмайды мемлекет. Санымыз көбейгенде ғана заңды күшетуге болады.
Саны көп,сапасы жоқ,ол қылмыскер қазақ,ол баукеспе ұры қазақ,ол қанды қол қарақшы қазақ болса,ол қазақтың көптігінен не пайда,аз болсақ та қылмыс жағынан статистика бойынша елдердің ең соңында тұрсақ,шіркін!
+1 дауыс
Қазақстанда  да  қатал тәртіп орнату қажет деп ойлаймын, әйтпесе бұл жағдай етек жайып кетуі мүмкін...
+1 дауыс

Қазақстанда ұрлық қарлық кісі өлімі т.б қылмысқа заң қатал емес бірақ өз бетімен тірлік қыламын деген бір кәcіппен айналысайын деген адамға заңы қатал ақ))

Ал Қытайда ұрлық қарлық кісі өлімі т.б қылмысқа заңы қатал басың кетеді, өз бетімен тірлік қыламын деген бір кәcіппен айналысайын деген адамға қашанда жол ашық экономикаcын еркін жіберген сосын өте жылдам дамып келеді халқының халі де жақсы

+1 дауыс
Тым қаталдық керек емес деп ойлаймын !
+1 дауыс
Қарсылық жоқ !))))))))))))
+1 дауыс
Сол қылмыс жасайтындардың не үшін сондайға баратынын ойлап көргендер бар ма?Мен әрине бәрін жақтап тұрған жоқпын.Бірақ солардың көбі күн көріс үшін,ақша үшін сондайға барады.Күннен күнге қымбатшылық жайласа,жұмыс табылмаса не істейді басқа халық.Мысалы ең бірінші ұрлыққа барған адам басында ойлауы мүмкін:1-2 рет жағдайым дұрысталғанша жасаймын деп.Одан әрі дәнігіп кетеді дүниеге,жаман әдеттерге де баруы мүмкін.Осының себебі жоғарыдағы жазғанымдай.Заңды күшейтсе керісінше адамдардың ызасын тудырады.Қазірдің өзінде бір сотталып шыққан адамның адам қатарына қосылуы қиынның қиыны.Ешқандай мүмкіндік жасалмаған.Бізде әділетсіздік шегіне жеткен.Ең кемі тауық,қой ұрлағандар 5 жылдан кем емес мерзімде сотталады.Ал жемқорлыққа белшесінен батқан,ақшаны түгімен жұтқан лауазымды,бастық сымақтар бәке,сәкенің арқасында жәй ғана жұмысынан шеттетіліп немесе басқа қызметке жіберіледі.
ас көп киім көктіктен урлықта еңбекпен келедіғо бірақ сол ұрлықты дәреже көретіндер ондайларды жақтамай ақ қой қымбатшылықтыңда себеп емес арамтамақтар олар
...