+1 дауыс
701 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Мен баламның бір жолғы ақшасына құжаттарымды Қаңтар айының 28 інде тиісті жерге өткізген болатынмын.Енді бүгін Наурыз айының 5 і,ақшасы түспеген.Бір шикілік шықса телефоныма хабарлама жібермей ме?не болмаса хабарлап айтпай ма?Баламның жәрдемақысын қашан ала аламын?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті органға (Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша аумақтық департаментке) береді.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге қайтаруға міндетті. Сондай-ақ ол сараптамаға ұсынылған құжаттарды жіберуге және оларды берудің негізі болған құжаттардың болуын тексере алады.  Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау және шешімді қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешімді қабылдаудағы орын алған кешігу туралы өтініш беруші жазбаша түрде кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.

Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді. 

толығырақ

0 дауыс

2018 жылы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 36,8 млрд. теңге қарастырылады және жәрдемақының мөлшері отбасындағы балалар санына қарай тағайындалады.

Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыға 2017 жылы республикалық бюджеттен 32,4 млрд. теңге бөлінген.

...