0 дауыс
802 көрілді
1 Наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды ма?   Бүгін көшеде көргендердің бәрі маған алғыс айтып жатыр, түсінбей қалдым.

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ия ресми түрде жарияланды. Нақты ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар № 173

0 дауыс
Иа . Алғыс айту күні
0 дауыс
Ия бұл күнді елбасымыз алғыс айту күні деп жариялады
Ресми түрде жарияланды ма?   күнтізбеде көрсетілмепті.
...