+1 дауыс
952 көрілді
Жапондық менеджер Масааки Имаи "1 минут қағидасы/ Кайдзен тəсілі" жалқаулыққа қарсы дейді. Ең болмағанда соны іске асырып көрейік. Қарап тұрсам, 1 минут деген не?
«Бірінші күннен бастап жаңа өмір бастаймын, спортпен айналысамын, уақытылы ұйқтаймын....» - барлығымыздың мақсат қойып-қойып, бірақ, келесі бірінші күнге, келесі айға шегеріп мүлдем іске асырмай тастайтын кезіміз болады. Біздің бірден барлық істі жасап тастағымыз келетіндігінен, кішкене дүниеге де үлгермей қалып жатамыз. Кейде спортпен айналысуды тым тезғ әрі бірден ауыр бастап жібереміз де, аздаған уақыттан соң мүлдем тастап қоямыз.

Неге бұлай болады дейсіз бе?

Өйткені, әдет, дағды қалыптаспай жатып, ауыр жүк түседі де, ығырыңыз тез шығып кетеді. Кайдзэн әдісі немесе бір минут қағидасы «Кайдзен» атты «бір минут» қағидасына негізделген жапон әдісі бар. Әдістің ұстанымы мына дүниеден тұрады: адам белгілі бір іспен тура бір минут айналысады және күн санап оны дәл сол уақытта орындап жүреді. Бір минут уақыт – өте аз, сондықтан орындау түк те қиын емес. Сіздің алдыңызда жалқаулық көлегейлемейді. Жарты сағат көлемінде орындаймын деген ісіңізді сылтау айтып орындамай қоюдың орнына, бір минут қағидасымен тез жасап тастайсыз.

Секіргіште секіру, көз жаттығуларын жасау, йогамен айналысу, шет тілде кітап оқу – 1 ғана минутыңыз бар кезде тез әрі рахатпен орындалады. Аздаған қадамдардан бастау арқылы, сіз осы уақытқа дейін жалқаулық пен кейінге қалдырудың арқасында іске аспай жүрген істеріңізден үлкен нітиже көре аласыз. Бір минут – сіз мақсатыңызды сыйдыра орындауыңыз керек! Шабыттанып, нәтиже шығаруға деген құлшынысыңыз арта түседі. Шарасыздық пен өзіңізді кінәләу сезімінен арыласыз. Содан кейін, бір минутты бес минутқа созасыз, уақыт өте келе жарты сағатқа да қол жетізесіз.

 

Кайдзен ұғымы Жапонияда дүниеге келген. «Кай» сөзі – үзіліс, «дзен» - даанлық деген мағынаны білдіреді. Менеджменттің осы бір құрылымының авторы Масааки Имаи. Оның айтуынша, кайдзен – жеке өмірде де, бизнес сферасында да нәтиже беретін нағыз жапон пәлсапасы. Жапондықтар менеджмент сферасында аздан көпке стратегиясын қолданады. Ал, енді, өзіңіздің қажеттіліктеріңіз бен қалауыңызды анықтап, «кайдзен» әдісін тексеріп көру ғана қалды.

Психология мен кайзден Психологтардың пікірі бойынша, үлкен мақсаттар қойып, бірден үлкен әрекетті жоспарлау өзімен бірге үлкен қорқынышты да тудырады. Бірақ, кішкентай қадамдардан бастап мақсаттарыңызды іске асырсаңыз, мидың қабылдау процесі,шығармашылық ойлауыңыз жүйелі жұмыс жасайтын болады.

1 жауап

+3 дауыс
Әлемде 100-ден аса мемлекетте, соның ішінде, 2500 университетте қытай тілін үйренудің сан әдістері мен бағдарламалары бар. Қосымша, 54 елде Конфуций институты бар. Тілді не үшін үйренемін? Мәдениет, тарих, қарым-қатынас – тілдің көмегімен дамиды. Жеке өміріңізде, карьера, бизнесте сізге үнемі көмек беруші ол сіздің тілдік біліміңіз. Болашақтағы жарқын өміріңіз үшін инвестиция құйыңыз – уақытыңыздың қандай да бір бөлігін қытай тілін үйренуге арнаңыз. ӘЛЕМДІК КӨРСЕТКІШ Қытай мәдениетке барынша бай, 5000 жылдан аса тарихы бар әлемдегі ең ежелгі елдердің бірі. Жер шарындағы халқы көп мемлекет, 1,28 миллиард халқы бар. Планетамыздың бестен бір бөлігі қытай тілінде сөйлейді! Путунхуа 873 миллион адамның ана тілі. Қытайдан бөлек қытай тілінде Тайвань, Сингапур, Брунея, Филлипинда, Монғолия, Малайзия сөйлейді. Қытай әлемде экономикасы бойынша екінші орында. АҚШ-тың сауда-саттық саласы бойынша ең үлкен әріптесі. Қытай тілін үйрену әр түрлі ауқымды салаларға жол ашады: саясат, экономика, тарих, археология. ИНВЕСТИЦИЯ Неге қытай тілі? Соның ішінде неге Путунхуа (Мандарин)? 1. Сізде іскерлік және карьералық мүмкіндіктер көбейеді. Путунхуаны білетін тәжірибелі спикерлерге іскерлік орталарда, билікте, халықаралық қатынастарда, ақпараттық технология, туризм, білім беру саласы, аударма сынды жұмыстар дайын тұр. АҚШ-тың колледж, университеттерінде оқытылатын барлық шетел тілдерінің ішінен қытай тілі ең жоғары пропорционалды өсімді көрсеткіш береді екен. 2. Сіздің естен кетпес саяхатыңыз Қытай мен Тайвань елдері шеттен келушілерге естен кетпес демалу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Путунхуаны білсеңіз, ортаға сіңісіп кетуіңіз тез болады. Дәстүрлі қытай мәдениеті, конфуций мен будда ілімдері, әскери өнері, қытай асханасы Шығыста, Оңтүстік-Шығыс Азияда елеулі маңызға ие. Сондай-ақ, Марко Поло, Макс Вебер,Бертольд Брехттерді қытай мәдениеті қатты қызықтырып әкетті. ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ БАЙЛАНЫСЫ Қытай - қазақ жерімен шекаралас жатқан үлкен мемлекет. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері жүріп келеді. Қытай - Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі, еліміздің экономикасындағы ең ірі инвестор. 2016 жылдың басынан бергі есеп бойынша, елімізде 668 қытай компаниясы жұмыс жасауда. Қазақстандағы жұмыс жасайтын 22 мұнай компаниясына қытайлардың қатысы бар. Оның ішінде, 10 компания толықтай қытайлықтардың қатысуымен жұмыс жасайды, тағы 8 компанияның 50% -ына қытайлықтар қатысты.
...